ВЕРНУТЬСЯ

Кемпір емес, ол кісі қыз еді онда

          Кемпір емес, ол
кісі қыз еді онда,

Жақындаған жоқ
еді, ұзаған да.

Кещелеу боп
туған соң о басыңда,

Кештеу баға
береміз біз адамға.

"Күнімдесің
сен менің, айымдасың,

Жолықпаған отыз
жыл ойымдасың",-

Дейтін кеше бір
кезгі бала жігіт

Қалай ғана
шалдықты мойындасын.

Басталғанды
керек қой бір аяқтау,

Әркім ісі аяғын
қалай аттау.

Баласының
баласын жетектеген

Кемпірлерге құрдас боп, Құдай атты-ау.

Ішіндегі
әркімнің ойы піспей,

Жанар қызым

        Жанар қызым, көрдім бе

сені, көрмедім,

Есіміңмен-ақ
атанды бүгін тербедің.

Көрем деп сені
мен іздеп, сірә, келмедім,

Атаңа сен де өзің кеп сәлем бермедің.

Нұрсұлу
жеңгем көзіне ұқсап көзің де,

Адамдық онда ұялап қапты төзім де.

Төлеген деген інімнің қызы болған соң

Тойыңа келдім
тойға бармайтын кезімде.

Шаттықа толтыр өзің келетін уақытты,

Келетін әр күн
бола да берсін, иә, құтты.

Бақыт тілеймін,
бақыт тілеймін жолыңа,

Махаббат, достық әніне зерекпін мүлде

         Махаббат, достық
әніне зерекпін мүлде,

Ілесіп шаба
беремін ер екпіндерге.

Азапқа белді
байлаймын сол халқым үшін,

Қазаққа керек
болмасам, керекпін кімге!

Той менен
думандарда ерекпін мүлде,

Бой көрсететін
кездерде терекпін күнде.

Аз-ақ па, көп пе бойдағым -

бір саған берем,

Қазаққа керек
болмасам, керекпін кімге!

Теңеппін айға, жұлдызға,

теңеппін күнге,

Сол қазақ үшін
өзімді ер еттім мүлде.

Мазаққа көнем ол
үшін, тозаққа түсем,

Жаздың соңғы айы

      Тамыз айы -
нағыз ай алма піскен,

Қой бөлініп,
қозылар таудан түскен.

Жасыл бояу
азайып бірте-бірте,

Табысады дүние
сары түспен.

Бақ басында
ылжырап алмалар да,

Өздері кеп
түседі шаруа қолға.

Тамыз айы - ең
байы ай біткеннің,

Арпа, бидай
толады қамбаларға.

Машиналар
бермейді жолды мейлі,

Ертеңіңді олар да белгілейді.

Алма менен
жүзімдер

қыз қолымен

Дүкендерге
толады, мөлдірейді.

Жел жетектеп
жүреді жылы ауаны,

Қолтаңба бер деп қыздар

       Қолтаңба бер деп
қыздар

Өзімді қоршап
алады.

Риза ете алам ба

Мен бүгін сонша
адамды?

Сол жылытатындай

Жалыным көп пе
менің?

Жаяды блокнот,

Жаяды
дәптерлерін.

Кетпейді мына
халық,

Мен көрем енді
азабын.

Есімін сұрап алып,

Екі ауыз сөз
жазамын.

Қызмет ет, қабақ
шытпа,

Қинап бақ өз
жаныңды.

Жүз қызға он
минутта

Жүз ауыз сөз
жазылды.

Не дерсің бұл өмірге,

Мен дереу
жандым, күйдім.

Страницы