ВЕРНУТЬСЯ

        Жанар қызым, көрдім бе

сені, көрмедім,

Есіміңмен-ақ
атанды бүгін тербедің.

Көрем деп сені
мен іздеп, сірә, келмедім,

Атаңа сен де өзің кеп сәлем бермедің.

Нұрсұлу
жеңгем көзіне ұқсап көзің де,

Адамдық онда ұялап қапты төзім де.

Төлеген деген інімнің қызы болған соң

Тойыңа келдім
тойға бармайтын кезімде.

Шаттықа толтыр өзің келетін уақытты,

Келетін әр күн
бола да берсін, иә, құтты.

Бақыт тілеймін,
бақыт тілеймін жолыңа,

Өзіңе
бүгін жұрт тілеп жатқан
бақытты.

Сәбилер өсір, соларды өзің өсір, күт,

Керегі барда
ауыр болады несін жүк.

Жарына адал,
барған жеріне сүйкімді,

Берекем қарттың жапырағы осы десін жұрт.

Шақыра қалсаң,
үйіңе, мүмкін, барармыз,

Ойға да қуат,
бойға да ләззат алармыз.

Тұманбай ақын әкеміз десең кей жерде,

Беделім одан
кемиді деме,

Жанар қыз.

Осы Алатаудан
қырандар құсап от алдым,

Жалғыз жүріп те
тілдерін ұқтым жапанның.

Балаға қатаң,
ішінен ғана сүйетін

Боранбай атаң
сарқытын ішкен атаңмын...

Ескіден қалған

жаңамын десем

жанғаным,

Сенсін деп
баққа,

сендерге қанат жалғадым,

Саған да болсын,
оған да болсын бұл
қызық,

Өзің аманда,
аманда болсын алғаның.