ВЕРНУТЬСЯ

      Картадан ұтылғанға
да қабақ түйесің,

Кеткен уақытқа,
ақшаңа да қабат күйесің.

Аялау керек-ау,
бағалау керек-ау

Ақындық дейтұғын
ақ ат киесін.

Ақындық дейтұғын
ақ атқа мініп ап,

Дүниені кезсең
ғой, кеңейіп бір уақ.

Ұқсап бір тұрсаң
ғой қартаймас қыранға

Бұлттардың
ішінде жүретін зымырап.

Шіркін-ай, сол
кездер оралып келместей,

Қалғам-ау
орнымда омалып мен де өспей.

Қалғыған күй
кешіп келем бе, келем бе,

Алдымнан аңырап
ақ дауыл жел де еспей.

Атымның аяғы
сынғандай, бәрі де тынғандай,

Келеді, бимәлім,
келеді күн қандай.

Дел-сал боп
тұрамын төсектен, о несі,

Түнімен
тепкілеп, біреулер ұрғандай.

Арманым
таусылып, тілегім біткен бе,

Сырт беріп кетті
ме кешегі жұрт демде.

Ажырап қалдым
мен, қайтейін, қайтейін,

Көтеріп жүретін
бір ауыр жүктен де.

Сенімдер
сертінде тұра алмай, алдады,

Бәрінің ойында
жан қамы, мал қамы.

Бақытқа бет
түзеп жол тартқан керуен де,

Жалынып, ал деп
ем, бұл жолы алмады.

Ертемен өргізер
қой-қозым жоқ еді,

Алысты көретін
ой көзім жоқ еді.

Мүғалім қоятын
кіл "бестік" бағаға

Анамнан алатын
байғазым көп еді.

Ағам да жоқ еді,
інім де жоқ еді,

Басқалар еститін
үнім де жоқ еді.

Бара жаттым ба
мен өрлеп ақырын,

Жақсылық келер
деп көңілім тоқ еді.

Жеткізбес
жақсылық, жетпейтін армандар,

Шашылған тиындай
жоғалып қалмандар.

Тіршілік қиындай
түскенмен қартайып,

Жаман дос
секілді жағамнан алмаңдар.

Жүріңдер алыстап,
жақындап жүріндер,

Үйір боп Тұмашқа,
үйге де кіріңдер.

Көктеммен бірге
өріп келетін құстардай,

Біреуің
кеткенмен, айналып бірің кел.