ВЕРНУТЬСЯ

         Бәрін білгің
келеді бір-ақ күнде,

Әр нәрсені
қоймайсың сұрап
мүлде.

Білгеніңді тойлайсың өз ішіңнен,

Көз кімде деп
ойлайсың, құлақ
кімде.

Дүниенің кезіп
бір не байтағын,

Талай күнін қарсы
алдым,

талай таңын.

Білгенімді
айтамын ақырындап,

Көргенімді
көбейтпей тағы айтамын.

Орынды ғой
атадан дәметкенің,

Орынды ғой
аулаңа бақ еккенің.

Оқымысты шығар
деп ойладың-ау,

Шашы түскен
басыма қарап менің.

Көрінбейді түбі
де қанағаттың,

Талай жүкті үстіме,
балам, арттың.

Бір сені үшін
данышпан болып өзім,

Күйін кешем
кәдімгі дана қарттың.

Ғылымның да
жайлауын қияладым,

Сол қиядан
жаныма сый аламын.

Бәрін біліп тұрғандай толғанамын,

Білмеймін деп
айтуға ұяламын.

Жел шайқаған
сындырмай бұтағымды,

Уақыт мені қадір
де тұта білді.

Бір сені үшін
барлығын білейін деп,

Қайта оқыдым
оқыған кітабымды.

Адалдықтың
күйлерін жастан ұғам,

Бірдеңе ұстап үйрендім қас қағымнан.

Бір сені үшін
үп-үлкен адам болып,

Тіл қатамын
тірліктің аспанынан.