ВЕРНУТЬСЯ

         Махаббат, достық
әніне зерекпін мүлде,

Ілесіп шаба
беремін ер екпіндерге.

Азапқа белді
байлаймын сол халқым үшін,

Қазаққа керек
болмасам, керекпін кімге!

Той менен
думандарда ерекпін мүлде,

Бой көрсететін
кездерде терекпін күнде.

Аз-ақ па, көп пе бойдағым -

бір саған берем,

Қазаққа керек
болмасам, керекпін кімге!

Теңеппін айға, жұлдызға,

теңеппін күнге,

Сол қазақ үшін
өзімді ер еттім мүлде.

Мазаққа көнем ол
үшін, тозаққа түсем,

Қазаққа керек
болмасам,

керекпін кімге!

Қазақтың қамы
дегенде ерекпін мүлде,

Дауладым дауын,
жауларын жер еттім күнде.

Елімнен бөлме
сен мені,

ерімнен бөлме,

Қазаққа керек
болмасам,

керекпін кімге!