ВЕРНУТЬСЯ

     Қартайдым десем,
қайғымды кім бар бөлісер,

Тарап барады бұрынғы маған таныс ел.

Сөне де қалды
үстінде биік таулардың

Найзағай болып
бір жарқ етті де намыс ер.

Қартайдым десем,
халімді ойлар кімім бар,

Тәуір көретін
батыр бар еді бұрындар.

Олар да кетті
келмейтін ұзақ сапарға,

Даусымды
естімей, десем бір тұратұрындар.

Қартайдым десем,
келмейді нелер ойыма,

Жете алам ба
өзім жетем-ау деген тойыма.

Ойлап бір
көрсем, көз қуантатын сол көптен

Жалғыз да қалу
жараспай түр-ау бойыма.

Қартайдым десем,
қарай ма күндер бұрып
бет,

Тағдырын беріп
батырдың маған, рухты ет.

Жағам едің ғой,
ағам едің ғой, Жолмұхан,

Анда-санда кеп,
халімді менің біліп кет.