ВЕРНУТЬСЯ

         Май - бақыт,

жадыраған жасыл
көктем,

Жастық шақ
жарқырап бір тасып өткен.

Бар арман осы
жерде тоғысқандай

Жаралған қадыр
менен қасиеттен.

Бойына көктем нұры бүгін дарып,

Дүние кеткендей
бір сұлуланып.

Ағаштар
жапырағын түгел ашып,

Гүлдер де бас
көтерді күлім қағып.

Арғымақ айға ұшардай арынымен,

Кең дала
жамылған бір қалы кілем.

Майда осы
күш-қуат бар,

салтанат бар

Әлемді
жасартатын жарығымен.

Көшеге түгел
шықты қала, қыстақ,

Бой жазу үшін
дағы бір дұрыстап.

Біздің де бал
балалық жүр бір жерде

Қолына нарттай
қызыл жалауша ұстап.

Аласын алған
біраз бұл тірліктен,

Шыққандар бір
жерлерден жұрты
күткен.

Шал біткен
шат-шадымнан көшеде жүр,

Кеткендей
келіншек боп кемпір біткен.

Өмірдің бір
күнінен бір күні артық,

Ұлы
көш бара жатыр өрге тартып,

Май тойы жігер
беріп Адамзатқа,

Кетеді дүниені
бір қуантып.

Ат шауып, ақын
жырлап,

той тойланып,

Сыймайды
аландарға, ойхой, халық.

Жасыл май келген
сайын,

жастық ғұмыр

Келетін сияқты
бір қайта айналып.