ВЕРНУТЬСЯ

         Біздің үйде үш
жігіт келеді өсіп,

Ортасында мен
жүрмін желдей есіп.

Қыздар бір күн
аулама толар ма екен,

Ұлдарыма
таласып бермей есік.

Бұл көңілім,
әрине, ата көңіл,

Ардақты өмір, от өмір, атақ өмір.

Ұлдарым
да мақтанар біраз жылда,

Есімдерін
қыздардың атап небір.

Бір қазанда
бауырсақ бұ да пісіп,

Келіп жатса
үйіме күткен кісім.

Сол ұлдарым таңдаған сұлулардың

Үйлеріне барсам
ғой құда түсіп.

Сирек қара
шашымды жыл ағартты,

Маған өмір көп
міндет бір-ақ артты.

Сол қыздардың
өзімдей аталары

Қабылдар-ау
қайтсе де Тұман
қартты.

"Балаларым
бір-бірін ұнатыпты,

Екеуара махаббат
гүл атыпты.

Екі тойды
өзім-ақ көтерейін,

Той жасауға
қиналсаң, құда, тіпті",

Дейін шалқып,
өзімді хан көтеріп,

Балаларым мұныма береді ерік.

Осы жұртқа мереке келген сайын,

Береке де ақырын
келер еріп.

Берекелі,
мейірлі шал атанып,

Бір қырымды
жатса елім жаңа танып.

Каукілдесіп құдамен тіл табысып,

Кетсем, шіркін,
келінге тана тағып.

Көңілім
әрқашанда ту ұстамақ,

Өмірімді келем
мен дұрыстап-ақ.

"Бәлен күні
тойымыз болады" деп,

Кетсем, шіркін, келінге күміс қадап.