ВЕРНУТЬСЯ

    Түр күтіп
алдымызда басты белең,

Жолыңа, сен
қаласаң, бас тігер ем.

Мен өзім түсінбеймін, түсінбеймін,

Мен сені неге
сонша жақсы көрем.

Бірге өстік, бала күннен бірге жүрдік,

Аңқылдақ
жанымызбен гүлге кірдік.

Сен аға, мен іні
боп бөлінбей-ақ,

Бір туған
балалардай өмір
сүрдік.

Жас кезімде
қолымнан жетектедің,

Мен сенің
айтқанынды екі етпедім.

Бірліктің
арқасында тірі жүрміз,

Тірліктің артқа
тастап бекеттерін.

Биік тау, жан
анамыз кәрі дала,

Бір жансың ері
жомарт, әрі дана.

Ағарды менің
шашым, сиреп қалды,

Қап-қара сенің
шашың әлі де, аға.

Кездескен
қиындықты қиып өтіп,

Жеңісті жүрміз
тойлап жиілетіп.

Мерген боп киік
атып көрмесек те,

Көрген жоқ
көңілдердің күйі кетіп.

Біздің де
жанымызды ұқты халық,

Қаламыз
кездескенде мықтыланып.

Біріміз
бірімізге қуаныш боп,

Сенім боп
сергелдеңнен шықтық алып.