ВЕРНУТЬСЯ

        (Алпысын құттықтап)

        Алдымызды
кеспеген ардақты іні,

Келіп тұрмын тойыңа арнап, міне.

Көресің бе,
алпыстың аспанында

Жігіттіктің
барады самғап үні.

Жүрісің де
ағаңның жүрісіндей,

Жарқырайсың
арудың күмісіндей.

Жігітсің сен
жібіген әйел көрсе,

Тұманбайдың бір туған інісіндей.

Қияға ұшқан қырансың, қымбатты іні,

Әкелесің алдыма
бір бақтыны.

Менен гөрі
жассың сен, сымбаттысың,

Жек көрмейді
арулар сымбаттыны.

Өз гүліңді егесің жерге міне,

Өз күніңді төгесің өрнегіне.

Көзі тоймай
қарайды келін саған,

Риза боп қасыңа
ергеніне.

Табаныммен
демейсің шоқ басайын,

Ешкімге де
демейсің жақтасайын.

Бүкіл мына
"Еңбекші қазағыңның"

Сөйлейтұғын сөзісің апта сайын.

Керетұғын көзісің осынау елдің,

Анда-санда аға
деп қасыма келдің.

Ардақтаған сайын
бір Тұмағанды,

Аға алдында
бағаңды асыра бердің.

Әркімдер-ақ
өзіндей еңбек етсін,

Еңбегімен жер
жыртып, ел көгертсін.

Қызығы кеп дедің
бе, оза шауып,

Ағаң келген
алпысқа сен де кепсің.

Есіркелер ел
созі өз мойнында,

Сұлулықтың кербезі кез, қойнында.

Елу деген ауылға
қарағанда.

Бұл ауылдың қызығы аз, Хайролла.

Нұрға толып қашанда тұрады ішің,

Бойында әлі
өзіңнің бұла күшің.

Өзі жақсы,
ақылды азаматқа

Аямайды алпыс та
қуанышын.

Күнің сөніп
кәрген жоқ, гүлің семіп,

Жал бітеді
жүйрікке сүйінсе елі.

Құтты болсын алпысың,

жетпіс шыңға

Жетелесін асықпай, інім, сені.