ВЕРНУТЬСЯ

       Қолтаңба бер деп
қыздар

Өзімді қоршап
алады.

Риза ете алам ба

Мен бүгін сонша
адамды?

Сол жылытатындай

Жалыным көп пе
менің?

Жаяды блокнот,

Жаяды
дәптерлерін.

Кетпейді мына
халық,

Мен көрем енді
азабын.

Есімін сұрап алып,

Екі ауыз сөз
жазамын.

Қызмет ет, қабақ
шытпа,

Қинап бақ өз
жаныңды.

Жүз қызға он
минутта

Жүз ауыз сөз
жазылды.

Не дерсің бұл өмірге,

Мен дереу
жандым, күйдім.

Жүз қыздың
жүрегіне

Жырыммен жалын құйдым.