ВЕРНУТЬСЯ

       Бәріміз де
кәріміз,

жасымыз жоқ,

Кеудеміз бар
керілген,

басымыз жоқ.

Айналаның бәрі
дос, бәрі ағайын,

Ұрланып
кеп ататын қасымыз жоқ.

Азайды ғой үйден
бір алысқа ұзау,

Секілдіміз
момақан таныс бұзау.

Айында бір
алатын ақшамыз бар,

Кемпір үшін
едәуір табыспыз-ау.

Көкіректе желің
жоқ, арман өлген,

Жуықтаса
алмаймыз алдағы елмен.

Жаутандаймыз
барларға,

мырзаларға,

Баласындай
біреудің жалға келген.

Бізді күткен бір
бақыт бар ма шын-ақ,

Үмітіңнің лағы
ол да шұнақ.

Балалардың баласы
арқылы бір

Құйылатын сияқты жанға шуақ.