ВЕРНУТЬСЯ

Шалтабайға

          Салқын келіп
тоң-торыс,

Сыртқа сыздап
қарайсың.

Сенен баска жоқ
болыс,

Деп өзіңді
санайсың.

Шарға түсер шағыңда

Қара тер боп
сабылдың.

Аялған жоқ малың
да,

Ақжем болып
шабылдың.

Елге сөзің
жеткенше,

«Жамағат!» деп жалындың.

Қол билікке
жеткен соң,

Салғырттыққа
салындың.

Сан рет кеп,
алдыңда

Сағым сынып
сарылдым.

Сазаратын
Жамбылға -

Саған сонша не
қылдым?!

Бақсы басы
қаңғырар,

Өлеңші Омарға

          Жағынба байға
босқа, Омар ақын,

Байлардан саған
мынау кедей жақын.

Енеңді мықтап
мырза бір боқтайды,

Берерде қойға
қоңыр шолақ атын.

Тек отыр,
меніменен айтыспай-ақ,

Жетеді саған
ақын некен-саяқ.

Үрпиіп, жүні
түскен коңыр қаздай,

Соғуға
қанатыммен тұрмын аяп!

Жалғызбын деп жүрмесін

          Сәлем айт,
барсаң Абайға,

Кеңесі кеткен
талайға.

Ауырды жеңген
қара жер,

Сабырлы болсын
қалайда!

Бір жұтқан судай
дүниесің,

Ащысын татып
күймесін.

Жапанға біткен
бәйтерек,

Жалғызбын деп
жүрмесін!

Кемелге келген
асыл-ай,

Тасқынды тәңір
басуы-ай!

Нар көтерген
ауырға

Арқасын тоссын
жасымай!

Әкеме

         Сертінің ұрлап
қара атын,

Жазықсыз киып
қанатын,

Жапанда жаяу
қалдырып,

Жайым жоқ қарғыс
алатын.

Ел арасын егер
қып,

Ойым- жоқ шұрқан
салатын.

Қоныстан елді
бостырып,

Неміз бар енді
шабатын!

Өлең мен сөзді
дос қылып,

Құрамын ақын
санатын!

Өстепкеде

          Үйсін, Найман
саңлағы,

Өстепкеге
жиылдың.

Жолдың ұшып
шаңдағы,

Алматыға құйылдың.

Елде жүрген
егейлер,

Қалада құр
үйілдің.

Ұлық көрсең, ұйлығып,

Желді күнгі
қамыстай

Жапырылып
иілдің.

Жүріппіз сыр
алыспай,

Жайларыңды
түйіндім.

Келтірдіңдер
намысты,

Бек қорланып
күйіндім.

Бүйтіп қызық
көргенше,

Өзі жақсы
үйімнің.

Шұлғымаймын
сендерше,

Керегі жоқ
сыйыңның.

Страницы