ВЕРНУТЬСЯ

Арқаның ардагері атанған Ақан (Ақжігіт) - қазақтың ән  өнері аспанында зор даусымен асқақатата жырнөсерін ақтарып  ондағы тамаша таланттыңайқын көрінісі есепті сегіз қырлы, бір сырлы ардагер азамат. өзі өмір сүргендәуір шындығын ән-музыка, өлең - жыр туындылары арқылы бейнелей білген, ұлы суреткер, компазитор. Ойлы, сырлығажайып шығармаларын өз даусымен орындап, қалың елге кең таратып, тыңдаушыныңқұлақ құрышын қандырған топшысы болат дауылпаз. өмір сүрген ортасынан озатшығып, асыл өнерімен де, жеке бас әдет-мінездерімен де, жүріс - тұрыс, киімкиіс, сән-салтанатымен де даралана көзге түскен қазықтың ең қадірлі серісі.Асып-таспай, жабырқап жасымай әр кез арын таза ұстай білген, жақсылық пенәділеттік жолына белін бекем буған, ақыл-парасаты биік саналы гуманист.{mospagebreak}Ақын - кеңбайтақ жерін, қасиетті ел жұртын шын жүрегімен сүйіп, жастық шақтың жалынакүйіп,  танымсыз өмір кешкен, өршіл деілгерішіл поэзияның шебері. Қоғам, адам өміріне өзіндік көз қарасы бар,таным-талғамы  биік, көңілді, пасофтылирикалық қалдырған айтулы ақын.Ақыныңтуған жері - қазақтың кең жазиралы, ата мекен, ту тігіп, орда салған орталық орны,жасыл желек жамылған қалың нулы, көл-көсер өзен-сулы табиғаты бар, тамаша өлке,көк жасыл, қалың қарағай мен ақ балтыр аққайың бой таластыра өскен Көкшеніңкербез сұлуы атанған қасиетті жер.  Ақын- осы бір әсем табиғат құшағында еркелей өскен ел серісі. Болашақ пен Көкшетауөңірінде, Қос көлдің жайлаған қарапайым қазақтың отбасында туып өскен. Ол 1843жылы күздің жомарт айы - қыркүйекте дүниеге келді.Шілдеханағажиылғандар оған Ақжігіт деп ат қойған-ды. Сол Ақжігіт ата нәсілінен рухтанып,кейін өзін қоршаған Сырым беттің  сұлусырлы табиғатынан нәр алды, өнерлі өлкенің өрен жүйектерімен тағдырлас, замандас болып, келе жатқан кішкенеАқанды молда жалдап, өз ауылында оқытуға талап қылуы тегін емес-ті. Талаптыжасқа оқу,  өнері қуу - өмір заңы.Жасынан алғырлығы, ұқыптылығымен көзге түскен Ақан ауыл молдасынан алғанбіліміне қанағаттанып қалмайды. Ол енді Қызылжарға аттанып, Уәли ахунқазіреттің медресесіне түседі. Аталмыш медресе мұсылман салтындағы оқу орны болатын.Онда дін сабақтары барынша мол жүруге тиісті. Сөйтсе де, медресе маңы, қалақауымы - қазақ даласынан өзге өмір. Сахараның тіршілігі, салт-санасы өзіншебөлек. Діндар қауымға қоса қалада зиялылыр тобы да ұшырасады. Осы медреседе өткізілген үш жылға жуық мерзімде Ақанныңсусындаған кәусар бұлағы  - Фердауси ,Низами, Хафиз, Шамси, Сағди, Физули, Науаи т.б. еңбектері. Бұларға қосымшаараб, парсы, шағатай тіліндегі көне түркі әдебиетінің жетік білуге тиіссабақтары - араб, парсы халықтарының тілі, ертегі аңыздары жазба дүниелері:Ғашықтық майданында шаһит болып,Бозжігіт Аңуаз үшін қандай болған.Бұлардың зар тартқаны Ләйлі - МажнүнТабысып ақырында отқа жанған.Зияда - Қорлығайын, Фархат Шырын,Бұл күнеде хабардармын осылардан.Ақыры «Қозы Көрпеш - Баяндай» боп,Жүзімнің қызыл нұры бұ жыл салған... деп, Ақанның өзі дешәкірт кезінде оқып, таңығандарын жырға қосады. өз халқының тамаша туындыларымен шығыстық лиро-эпостар оның жастық сезімін оятқан, сұлулыққа, ғашықтыққа оныбіржола бұрған рухани күш болған сияқты.Ақан - жастай оқып тәлім талған өнерлі, білімді жас.  Өз замандастарының көбінен озық, араб-парсы,шағатай әдебиеттерінен де, сол әдебиеттерді туғызған тілдермен де жете таныс,соған қоса, орыс тілін де білген мадениеті жоғары өнерпаз адам.Ақан 1843 жылы Көкшетаудың күнбатыс жағындағы Қоскөл дегенжерде туған. Ол он үш жасқа келгенше Күнту деген молдадан мұсылманша оқыған.Бірақ дүмше молданың балдыр - батпағы сергек ойлы ұғымтал баланың көңіліндауалатпайды. Ақыры Ақан оқуын тастап кетіп қалады. Осыдан былай оның серілікөнері басталады, сонымен бірге өлең және ән шығарумен шұғылданады.

Ақан Сері