ВЕРНУТЬСЯ

 
  Бір дауа бір тарқасын арман - дәртім, 
Қалдырдым жігіттерге сөздің артын.
Жақсыға жасын сынап, ашық айтып,
Байлайық тиянаққа істің шартын.
Бұларға үлгі берген өзі сауап,
Қымбаттың арзан менен білер нарқын.
Көлденең көкейіме сөзім тоқтап,
Басылған талай жаннан біздің қарқын.
Осындай сөз айтты деп біреуге айтып,
Шығарар оқығандар сөздің дәрпін.
Берерге ғылым жазып адам керек,
Біреу - мыс, біреу - қола, біреу - алтын.
Маңызын салмақтаған ар табылса,
Айтылмай неге қалсың менің атым.
Дана, надан - мағынасы екі түрлі,
Сарғайып сана, жүрек болар салқын.
Оқушым, айтушыдан болсын зият,
Ақыл менен ғылымның білсін парқын.
Астан жілік тістейсің, тойдан ілік,
Шарапатты жақсымен жүрсең жақын.
Сырлы сөз бен үлгілі жауап айтпай,
Надандар қай сезіммен болар ақын?
Мағынасы жолдастықтың қиын жатыр,
Ойласаң әуел бұрын құрбы хақын.
Шын жолдасың сыпайы сырттан мақтар,
Әуелі шын сырласың ішін ақтар.
Көзің жоқта сыртыңна көмек болып,
Біреуге жамандарға ұят сақтар.
Оқуға жиhат қылған жігіттерге
Азғантай мен жазайын ақыл дәптер.
Ұмытар жақсылығын ерден көрген,
Әрқашан жаман жолдас бастан аттар...
Құл болмас, құны кетпес кішіліктен,
Білімді терең ойлап сөзін саптар.
Ал енді қандай жанда тиянақ бар?
Ойласам, білген адам соны жақтар.
Бір дұшпан көре алмаған жамандаса,
Жете алса, жақсы жлдас сөзін ақтар.
Сыр шашпас жақсы жолдас таза жүріп,
Қайғыңа ортақ болар мойнын бұрып.
Тастамас жау қолына қинағанда,
Өзіңмен жанған отқа бірге кіріп.
Шырқырап шыбын жанын бірге салар,
Мойныңа бір дұшпаннан түссе құрық.
Айнымас, кетпес толқып, жаннан қорқып,
Бәйгеге басын тігіп қалар тұрып.
Құзырға қырық кісінің бірі жарар,
Біткен жоқ қай жақсы адам елден құрып.
Адамға мал мен мансап жолдас емес,
Байлықпен шайқап төгіп ішсең үріп.
Қазына басқан байлық арылғанда
Алғандай қолдың кірін сумен жуып...
Жамандық жақсылыққа бірдей болып,
Жлдасың іші - тыстан болсын жуық.
Шын жүрек, таза тілек табылмайды,
Болмасын сырты күлкі, іші қулық.
Құданың бұйырмаған нәрсесіне
Кіріптар боп жүреді адам мұңлық.
Болмайтын өзі жалтақ, сөзі өсек,
Дос қайда айрылмастай тап он жылдық...