ВЕРНУТЬСЯ

Бұзылған дейді, жынды дейді, 

Ісімді көріп көп адам.

Еткенін алған мойнына

Менен дұрыс бар ма жан?!

Күндесін жұрт, қылсын өсек,

Мен лайық өсекке.

«Кірмей жігіт өсекке,

Кірмес, - деген,- есепке».

Ойландым да, толғандым,

Ойладым, ойға толмадым.

Жанды қидым, жалындым,

Жайланып , сірә, қоймадым.