Алтын арай атқанда таң нұрланып,
Жыр-көктеммен құлпырды дала-кілем.
Құшағым - гүл келемін бал-бұл жанып
жастықтың алаңымен.
Қыз арманы секілді алғы уақытым,
шырын сезім жүректе, жанарда да.
Әлем сыйлап тұрғандай бар бақытын
жалғыз-ақ маған ғана!
Жастығыма болғандай уақыт ғашық,
жетелейді өмірдің бағына әсем.
Сезім көлі - жанарың бақыт шашып
келесің жанымда сен!
...Талқысы мол тағдырдың бір басында,
ұлылықты үреймен алыстырған -
бас иеміз сонда да бұл ғасырға
1970
- 113 просмотров