ВЕРНУТЬСЯ

          Білемін:

сүйем сүйсем әйтеуір құлап-талып,

дүниенің барлығы жырақ қалып.

Сені мен мен түсінер жай туралы

көргенім жоқ ешкімге сыр ақтарып.

Сені аңсаймын көзімнен жас ағыла,

көбейді ғой бұл күнде шаш ағы да:

Сыр ашпаймын еш жанға. Шағынғанда

біреу сенің орныңды басады ма...

Сезім қолдан ешқашан жасалмайды,

жасағандар ұзаққа аса алмайды,

не алдасып бір-бірін күн кешеді,

мен ондайға көнбесім қашанда әйгі.

Мен сондаймын.

Сүйсем егер, ғұмырлық сүйіп кетем.

Жұртқа менің жүрегім - тұйық мекен.

Аласарсам, ешкімге ұқсамайтын

сезіміммен көңілді биіктетем.

1974