ВЕРНУТЬСЯ

    Депутат жігіттің
қабағы қатыңқылау отырған. Сабырлы да ойлы жүзіндегі байсалдылық алғаш көрген
адамға салқын қанды, тоңмойын біреу ме деген күдік туғызып тастауы да әбден
мүмкін. Бірақ көзіне көзі түскен адам қалыңдау қабағының астындағы қос жанарда
белгісіз бір от ұшқыны тұнып тұрғанын байқайтын. Ол жанарын тік қадағанда,
бейне алмас - шындықтың жүзіне тура қарау-ға дәті шыдамайтын бір бейшаралардай,
кейбіреулер өз-өздерінен сырғытып әкетуге не төмен қарауға мәжбүр болатын.
Бірақ келіншек дір етпеді не төмен қарап, себеп-сіз бүгежектемеді. Өзінің
салмақты да сабырлы, тіпті айна-лаға немқұрайдылау қараған қалпында отырып
жай-куйін баяндады. Әлия Қарамергенова Алматыдан Шевченко қаласына келгеніне
жарты жылдан асып барады, өзі дәрігер екен. Келген жұмысы - өзінің
участогіндегі ауру Иван Федоровқа үй алып беруге қалалық советтің депутатынан
көмек сұрау. Депутат Сағынбек Айтуаров іштей әрі таңыр-қап, әрі келіншектің
жанашырлығына сүйсінсе де, сыр берген жоқ. Еңбекшілер депутаттарының қалалық
коми-тетінде сөйлесіп, кейін хабарлайтынын айтып, жұмыс телефонын жазып алды.

* * *

Екеуі кешкі қала
көшесімен жүріп келеді.

-        Құралайға, бала бақшаға барамыз ғой?-
деді, жігіт келіншектің қолтығынан еппен ұстап. Әлия үнсіз басын изеді. Әлі
үйленбеген жап-жас жігіттің құлынды биедей балалы келіншекке ықыласы құлап
ынтыққанына әуелі мән бермей, әшейін өткінші сезім дағы деп қараған. Бірақ
Сағынбек бар ықылас-ілтипатымен, адал көңілімен бірте-бірте мұның жан дүниесіне
еніп бара жатқандай. Дүниедегі ең жақын адамынан опық жеген кеңілі жүдеу адамға
жалғыздық қасіретінен құлазудан асқан азап пен қайғы жоқ қой. Осындай күйде
жүрген Әлияның жанын жігіт үнсіз-ақ ұғатындай. Ылғи уақыт тауып, көңіл бөліп,
амандық-саулығын сұрап тұрады. Соңғы кезде тіпті оның телефон соғуын күтіп
қалатындай ма, қалай. «Жақсы көрем, сүйем-күйем» демесе де, бар болмысында бір
ерекше табиғи жылылық пен жақындық бар секілді. Мұның өткен жолын тәптіштеп
сұрамайды да.

-        Аға, кеше неге келмедің мамаммен бірге?

Кішкене
Құралайдың алғашқы сұрағы Сағынбекті әрі

қуантып, әрі
ұялтып тастады. Қуанғаны - басында анасы-наң бетер тосырқай қарайтын кішкентай
Құралайдың мұның келген-келмегенін түйіп жүргені - сәбидің бұған немқұрайды
қарамайтыны деген сөз. Үялғаны - кеше жиналыстан кеш шығып келе алмағаны.

-        Аға, бізбен отырасыз ғой, үйде әжем
жіберген алма бар!- деген Құралайды Әлия тыйып тастады:

-        Аға үйіне барады, мамасы күтіп отыр ғой.
Кейін келеді.

Құралай коңілсіз
бұртиып қалды. Жігіт Әлияның ыңғайсызданып тұрғанын сезіп, есік алдында қош
айтысты...

-        Мама, Сағынбек аға біздің туысымыз ба?-
деп, қайта-қайта сұраған Құралайға анасы жай «иә» дей салған. Қызын ұйықтатып,
озі ой үстінде отыр. Оның коз алдынан өз өмірінің откелдері отіп жатты.

...Онда Әлияның
кокірегі күйікке толы еді. Ақ құба өңінде мизамның аяқ шеніндегі алмадай
албырап тұратын қызғылт шырай құрық көрмеген құлындай дірілдеген балғын, бұла
дене бәрі де бастан қапелімде кешкен бақыт-пен бірге кеткендей-тін. Жағы
суалған, шымыр денесі де салбыраңқы. Мынау осекшіл жұртқа қаншама сыр бермейін
десе де, құдайым-ау, осындай тағдырға тап болған жалғыз мен емеспін, екінің
бірі болмағаньімен, опасыз жандардан қасірет шеккендер аз емес қой бұл омірде
деп өзін-өзі қанша жұбатса да, баяғы ақ жарқын мінез, анау қоңырқай көздердегі
мына тіршілік-дүниеге деген құш-тарлық жалыны - әйтеуір, әлем де, адамдар да
кіршіксіз пәктік деп ұғатын кешегі кезгі қадір-қасиет ұстатпай-ақ қойды.
Адамдар тұрған бір зұлым, жасанды мінезбен, жасанды өмірмен күн кешетін
тәрізді. Бұл жұрттың бәрі де шыншылдық, шындық, адал сезім, ақ көңіл
дегендерден жұрдай бір мақұлықтар секілді. Бір адамның жалаң аяқ-тығы үшін неге
мен басқалар туралы да осындай пікір-демін деп бір мезгіл опынатын. Сөйтетін де
езінен бір класс бұрын оқыған елдегі Айшаны еске алатын. Айшаның күйеуі
Қайыржан - агроном. Екі баласы бар. Қайыр-жан - арақ ішсе, былапыт, аузынан ақ
ит кіріп, көк ит шыққан берекесіз адам. Кәрі әке-шешесі, екі сәби, Айша - кешке
Қайыржан сау келер ме екен, ішіп келер ме екен деп таңертеңнен үріккен қойдай
үрпиісіп жүргендері. Тіпті алып-ұшқан алғашқы сезімінің күні өтті ғой дегеннің
өзінде, балаларымның анасы, жар-жолдасым . ғой деп сыйламайтын да тәрізді
Айшаны.

- Ата-енемді
қимаймын. Әрі балаларды қалай тірілей жетім етем,- деп жылайды Айша. Ал осының
өзі өзін де, өмірін де алдау емей немене?.. Әлия Қайыржанды да, Айшаны да, ата-аналарын
да жақсы біледі. Екеуі де тәр-биелі деген семьядан шыққан. Бір ауылда өсті. Бір
мек-тептен бірдей тәрбие алды. Ауылдағы мұғалімдердің кей-бірі әлі күнге артта
қалған ғой. Балаға бағыныштысындай қарайды. Ол осіп келе жатқан бір
мемлекет-ау, езінің ой-пікірі, әр нәрсе хақында езіндік шешімі, кез-қарасы
бар-ау деп ойламайды. Мұғалім не айтса, соған бас шұлғи беретін бір маубас
болғанын әдептілік, қазақ табиғатын-дағы инабаттылық деп ұғынады. Бұлар оқыған
мектеп-те Ғибатолла, Ақлима, Мәдина деғен ағай-апайлар әлі бар. Ол кезде олар
да жас болатын. Дәл қазіргі езіндей жандар еді. Қыз бала мен ер бала бірге келе
жатса, не киноға барса, ертеңіне қыздар советінің отырысын ша-қырып,
түсініктеме алып, бүкіл мектеп қыздэрының (темен-гі 5-6 кластағылар да тыңдап
отырады) алдында, әлгі қыз бір үлкен мемлекеттік қылмыс істегендей,
жер-жебіріне жетіп, екіншілей кластас бала түгілі, езінің ағасымен қатар
жүрместей қылатын. Өзіңнің еш қылмыс жасамаға-ныңды айтсаң, не сабақта олар
айтпаған, бірақ езің (ретті жерінде) жауабыңды толықтырып айта қалсаң,
жаратпай, «мұғалімнің айтпағанын айтып білгішсінуін, керерміз емтиханда» деп
сез салмағын кейінге қалдыратын.

Міне, осындай
мектепте оқыған бұлар оқу, жаз болса колхоз жұмысына комектесу, болмаса
кейбіреулердей «махаббатымыз мектептен басталған» дейтіндей қыз-бозбалалық
хнкаялардан аулақ өскен. Үшеуі де институтты қалада бітірді. Ол кезде Қайыржан
да қой аузынан шөп алмайтындай көрінетін. Әлияның Төленге кездескені де ушінші
курста. Қалада өскен, дүниетаным, өнер-ғылым саласында кіммен болса да
тайталаса алатын, жүзіктің көзінен өтіп тұрған сымбатты жігіт он екіде бір гүлі
ашыл-маған қыз жанын бірден баурап алған. Ата-анасы да үлкен қызметтегі
адамдар. Құрттайынан үлде мен бүлдеге ора-нып, қарағым-шырағыммен өскен Төлен
бірбеткей, қайсар (Әлияның түсінігінде, осындай қасиеттерімен жігіт жігіт
болмақ, әйтпесе, иі қанған терідей умашталып, ретті-ретсіз қалбалақтаған
еркекте әйел табынардай не қадір-қасиет болады), өзін де, қасындағы жарын да
ешкімге ренжіт-тірмейтін, сүйе де, сүйдіре алатын нағыз идеалдың өзі боп
көрінген. Әлия институтын бітіріп, ауылға ата-ана жанына барып бір жыл қызмет
еткенге дейінгі екі жылда да, өз алдарына отау тігіп (қаланың шет жағынан
жалдап алған жалғыз бөлме - онда Төленнің аспирантураны жаңа бітірген, үй алуға
әлі қолы жете қоймаған кезі - алтын сарайдан да ыстық еді-ау!) Түрған екі жыл
да бұлардың бір-біріне деген таза да адал сезімдеріне кіршік түсіріп көрмеген.
Бір-бірін қас-қабақ, әр қимылдан ұғысқан көңіл-дер қаз қалпында қала бермес еді,
егер араға Зағипа түспесе... Алғашқыда Әлия түк іе сезген емес. Бұрын жұ-мыстан
жарқылдап, кішкене Құралайын көтергенше асық боп оралатын Төлен бірте-бірте
сүлесоқтанып, жабыр-қаңқы ма әлде ызалы ма - әйтеуір, бір салқын, сызды
қабақпен кештетіп келетінді -  Әлияның
назды, ерке қылықтарын кормесе, жынына тиетін тәрізді.

-        Папа!- деп аяғына оратылған Құралайға:

-        Бар, мамаңа бар,- деп маңдайынан
иіскеген болып, ысыра салатын. «Бала ғой, не біледі» деген қате ұғым екен-ау.
Әке тарапынан бұрынғы. мсйірім, бұрынғы жылы алақан жоқ екенін Құралай да
сезгендей, жаутаңдап қарайтыны болмаса, бұрынғыдай құлап-тұрып шықылықтап
жүгірмейді. Әлденеге мазасызданып, шыр етіп жылап қалады. Мұндайда Төлен:

-        Не боп қалды? Жұбатсаңшы!- деп тепсіне,
жиір-кенішті көзқараспен Әлияны атады. Сәбидің жылаған үні оның жанын
ауыртқаннан емес, мазасын, озімен-өзі боп жатқан тыныштығын бұзғандықтан екені
сезіліп-ақ тұрады. Құралай да үнсіз кемсеңдеп, анасының бауырына тығылып үнсіз
қалады. Мынау шулы дүрмегі мол өмірде сәби жанына түскен алғашқы сызат осы
шығар. Ертең ол өскенде «Әкесіз өскен», «Бақытсыз», «Әкесі тастап кеткен» деп
көзіне болмаса да, көз тасалап айтатындар табылады ғой. Өмірге деген өксік, ыза
осындайдан бас-талады екен-ау. Әлия осыны ойлайды. Зағипаның да бұрын-нан қызы
бар екенін біліп алған-ды. Төлен де сәбиін жетім етіп, бөтен біреуге әке болған
абырой деп ойлай ма екен әлде. «Осылай істесем, мұным ерлік» деп ойлап
жатпайды, әрине. Сонда көңіл, сезім дегендерің тұрақсыз, алдамшы бірдеңе
болғаны ма? Ал ошақ-семья алдындағы, бала мен жар алдындағы парыз ше?

Сәттік сезімдерді
ақьшға, парасатқа салмай ма екен бұл адамдар. Әлде алғашқы лапылдаған құштарлық
сая-быр тартқан соң, басқа бір қызық іздей ме. Ендеше жер бетінде саналылығымен
ғана ерекшеленетін адамзаттың басқа мақұлықтан айырмасы неде? Төлен Зағипаны
бәрі-бір о баста Әлияны сүйгендей сүймейді. Зағипа сонда да бәріне риза.
Әйтеуір, Толен сол үйдің ері атанып жүрсе болды (Зағипаның өзі Әлияға солай
деді). Сонда ол дәл өзіндей құрбысының тағдырына шімірікпей қалай қарайды?
Зағипаның ата-анасы тәрбиелі адамдар болып есептеледі. Әкесі мұғалім, тіпті бір
мектепті басқарады. Төленнің кім екенін, семьясы барын біледі. Сонда олар не
ойлайды екен. Адам тағдыры біреулер үшін ойыншық тәрізді шығар, тегі. Егер
Зағипа:

- Әйеліңнің көз
жасын арқаламаймын. Әуре болма маған!- десе, Төленің жүгіре бермейтіні анық.
Жоқ, жоқ, Әлияның мұндай өмірге көне кетері де жоқ еді. Тіпті Зағипа сөйткен
күннің өзінде де баяғы кіршіксіз сенім, адал сезім, сыйластық-қимастық қайта
орала ма? Ал олар болмаған жерде қандай семья болмақ? Әйтеуір, күйеуі бар,
баласының әкесі бар деген атақ үшін бе? Онда Айша секілді «басқа сал-са
баспақшы» болып, бәріне де көніп жүре берсе ме. Жоқ, жыртылган көңіл бәрібір
жамалмайды.

Бірақ осындайлар
қайдан шығады? Ата-ананың бәрі де баласының бақытты болуын тілейді. Басқаның
бақытын талқандайтын, «шайнағаныңнан жұтқаның жақын» деген принңиптегі
көрсеқызарлар аспаннан түспейді ғой. Ондай-лар оз арамыздан - өзіміз өсіп-өнген
ортадан қанатат-танады. Сонда бұның себебі неде?

Әрбір ата-ана
баласының жақсы болғанын қаламай-ды деймісіз. Адамның адамдық қасиеті оның
қызмет бабы, атқаратын жұмысы, алатын жалақысымен өлшенбесе керек. Семьялы
болу, адал жар, абзал әке, немесе ана болу - ең бірінші, мағыналы, табиғат
заңы. Ендеше, әр ата-ана осы жайды, яғни ұлы мен қызының болашақ жаңа семьяның
мүшелері екенін де естен шығармаса ғой. Егер баланың семьядан, ата-ана
тәрбиесінен қанына сіңген адалдық, парасаттылығы болса, Төлен мен Зағипалар
сон-шалықты тұрақсыз, ар алдында да, адам алдында да жауап-сыз, жалтак болар ма
еді... Әлпештеп өсіріп, ұл-қызының болашағынан үміт күткен ата-ана тәрбиесінің
жемісі осы-лардай болса, ол ата-ана ел бетіне тура қарап, «Менің балам адал,
абзал жан» дей алар ма... Демек, балам жақсы болса деген жалаң тілектен
тағылымды тәрбие шықпайды екен; біз баламызды тәрбиелеу процесінде Төлен мен
Зағипалардың өсуіне жол беретін кемшіліктерді өзіміз жібереді екенбіз.

Баланың тәрбие
алар екінші үйі - мектеп, екінші ата-анасы - мұғалімдер. Бірақ кейде сабақ
үлгірім, клас-тан-класқа қалмау сияқты біржақты талаптар тәрбие негізі саналады
да, баланың жеке қасиеті, мінез-құлқы, парасаттылық, тұрақтылығы екінші сатыда
қаралады. Осы баладан қандай Адам өсіп келеді. Мүмкін озат жұмысшы, үлкен
ғалым, өнер иесі болар ол болашақта. Ал сонымен қатар (тіпті ең алдымен десек
те артық емес) оның адал жар, тәрбиелі ата-ана болуы тиіс екендігін мұғалімдер
де естен шығармау қажеттілігі ескеріле бермейді-ау...

...Әлия Құралайын
жетелеп кетіп бара жататын. Ойлы да салмақты жүзінен ерте келген байсалдылық
сезілетін. Кішкене Құралай аузы тыным таппай ананы-мынаны сұрай береді. Өмірдің
көп сұрағы Әлияның өзін де толғантып барады.

* * *

Мен журналдың
тапсырмасымен Шевченко қаласында жүрген едім. Мұнай участоктарын аралап,
түнделете оралған мен ертеңгісін кешірек тұрып жатқанымда, қонақ үй бөлмесінің
есігі әдеппен, баяу тықылдады.

-        Алматыдан келген тілші сіз боласыз ба?

Алдымда көзі
көгілдір аспандай мөлдіреген қыз тұр.

-        Сіз бір ғажап адам туралы жазсаңыз екен?
Ол - дәрігер. Тамаша адам. Біз Украинадан көшіп келгенбіз. Әкем құрылысшы. Өзім
Жетібай мұнай басқармасында операгормын. Біздің семьямызға ешкімнен көрмеген
жақ-сылық жасады, үй алуға көмектесті, папам оқыс ауыр-ғанда емдеді. Мен сізге
бәрін айтып жеткізе алмаймын...

Төртінші
мнкроаудандық поликлиникаға телефон соғып ем, Әлия Қарамергенова деген дәрігер
бар, бірақ қазір қабьілдауында аурулар көп, жолыға алмайды деп жауап берді.

Екеуміз жұмыс
аяғында поликлиникадан бірге шықтық. Ақ құба өнді, қоңыр көздері ойлы, сұңғақ
бойлы жас келіншек нәзік жанды адам екен.

-        Біз осында тұрамыз, ұйге кіре кетіңіз.
Қонақ үйден жалыққан шығарсыз, үйдің шайын сағынған жоқсыз ба?--деп Әлия
қоярда-қоймай жабысты.

Есік шылдырағанда
арғы жағынан асыға басқан дыбыс-тар естілді де, артынша ұзын бойлы, қалың
қабақты, бидай өңді жігіт пен бес жастар шамасындағы ақ сары қыз бала қол
ұстасқан күйде қатар тұра қалды. Ботен адамды көріп, екеуі де әуелі
тосырқағандай болып еді.

-        Менің күйеуім Сағынбек,- деді Әлия
маған. Өзі күлімдеп тұрды.

1972