ВЕРНУТЬСЯ

          Топталып тұрған жұртты жайпап еніп,

шақырдың биге қайта-қайта келіп.

"Мен сізді көптен көрем, сүйемдерді",

айныттың жүрегімді, айта беріп.

"Жоқ!" - дедім, ыза кернеп, тасыдым
да,

Мазақ па әлде әзіл машығы ма?

...Досыммен биге айналып жүргенімде

жаңағы көзім түсті "ғашығыма":

Қаншама болсаңыз да жаста қызба,

ойнауды махаббатпен тастаңыздар.

Әлгіде-ақ маған айтқан "жүрек сырын"

айнытпай ақтарып жүр басқа қызға.

1959