ВЕРНУТЬСЯ

   Лүпілдей соқты жас жүрек,

еркелеп назбен
қарадым.

"Поезда-ақ
хатты жазшы?!" - деп,

елжірей қалды
жанарың.

Сезімтал жүрек,
жас жаным -

бәрі де сен деп
талпынды.

Білдірер аяқ
басқаның

абыржып тұрған қалпыңды.

Сөз таппай,
үнсіз тұрмын кеп,

теңіздей жүрек
толқыды.

Ышқынды гудок
жүр-жүрлеп,

мұңая қарап ол тұрды.

Сөйткенше қолдар
бұлғанды,

мөлдіреп көздер
соңғы рет.

Айтылмай талай
сыр қалды,

қимастық сезім
толды кеп...

1959