ВЕРНУТЬСЯ

        Мен өзімнің жауларымды

өле қал деп ешқашан қарғамаймын,

не өксітіп кетсін деп арман-айдын.

Қайғы бассын дер едім - жаны ашығыш,

ойшылдау боп кетесің барда қайғың.

Мен өзімнің жауларыма

тілемеймін елжіреп сүюді анық,

дүниені ұмытып,күйіп-жанып:

шын махаббат малтыққан сәттеріңде

шығарады сәулені қиырға алып.

Мен былайша қарғаймын:

есің кетіп сүйе алма ешкімді де,

жалғыз өткіз дөңбекшіп кеш, түнді де;

қуана алма жаныңмең жылай алма,

жалғыздықпен өмір сүр шексіз бірге!

1974