ВЕРНУТЬСЯ

   Жігіттердің
жүрегін

ұрлай
бергім келмейді.

Сүйдім деген
тілегін

тыңдай бергім
келмейді.

Кез келгенін
ғашық қып,

әлек еткім
келмейді.

Аз күндік жай
машық қып

және де өткім
келмейді.

Алғашқы
арман-тілекті

шетке ысырғым
келмейді.

Бірді сүйген
жүректі

көпке ұсынғым келмейді.

1959