ВЕРНУТЬСЯ

         Мен саған сыр айтамын:

біреулердің қайтеміз құр айтағын,

сезе тұрып қайғысын соңындағы;

білеміз ғой - қателік со жылдағы,

өкпе, наз бен жел-өсек - соның бәрі

сені менен мені тек мұңайтарын,

жел ескендей желпісіп жұрт етегін,

біздерді күлкі етерін;

сайқал-мысқыл ойнақтап жүздерінде,

жанашырсып жат жандар бізге мүлде;

мүләйімсіп түртетін бос қораны

аула-жайдың қорсылдақ шошқалары,

бұл күнде төс қағады

көктемде аузы тигендей күзгі егінге.

Мен ұққаным - осының бар «шатағы» -

тек бізді шаршатады:

екеуіміз де соншалық тырыссақ та

тіпті сәлемдеспеуге дұрыстап та;

ұмтылсақ та өзгемен ұғыспаққа -

содан біздің қайғымыз қанша тағы!

Мұның бәрі - бізді бір-бірімізге

одан сайын еріксіз аңсатады.

1987