ВЕРНУТЬСЯ

      Анау -
аспан, мынау - бақ,

Аспанда бұлт,
бақ жадау.

Мамық ұшты, қылаулап,

Қыс та келіп қалған-ау.

Аспан, жердің арасын.

Дәрігер-қыс алуда.

Табиғаттың жарасын

Ақ дәкемен таңуда.

Таңдырып
ап мандайын

Тағы көйлек сұрап жүр.

Бақты кезіп, тал-қайың,

Жалаң аяқ жылап жүр.

Қу бұтағын құшақтап,

Түксиеді кәрі емен.

...Қыс - тазалық, қыс - аппақ,

Әрі өкініш, әрі өлең...