ВЕРНУТЬСЯ

Қазынам бар

      Қазынам бар.

Біреуге берсем бе екен?!

Өкпелейді-ау бермесем,

Берсем, бөтен.

Бар байлықты қойныма тығып алып,

Әлде мына қүмдардай өлсем бе екен!?

Қазынам бар,

Біреуге қисам ба екен!?

Ренжиді-ау қимасам,

Қисам, бөтен.

Әлде мына даладай бар байлықты

Бір өзім иемденіп, жисам ба екен!?

Қазынам бар.

Тәуекел, сатсам ба екен?!

Өзіңдікін өзгеге
сатсаң, бөтен.

Әлде мына таулардай бүркеніп ап,

Бүк түсіп, теріс қарап жатсам ба екен?

Қазынам бар.

Менің кішкентай күнім

       Көтеріп сені батырып,көтеріп сені шығарам,

Кішкентай күнім,сенсіз мен өмір де сүріп шыдаман.

Кішкентай күнім,сені мен арқалап жүріп айығам,

Табанға кірген шегеден,миына қаққан сынадан.

Қондырам-дағы ұяңа,отырам
өзім күзетіп,

Әлдекімдерден қызғанып,әлсіреп жүрек дыз етіп;

Керімсал түннің кей-кейде кетеді маған сызы өтіп,

Отыра берем сонда
да өмірдің кілтін түзетіп.

Қара аспанымнан,
кей-кейде қара нөсерлер боратса,

Самалдатқаным мен сені,қапырық болып баратса.

Ей, өмір

        Дүниенің ағын да, қарасын да,

Мыңқ етпейсің, қабылдап аласың да.

Қарасымен шамаң жоқ
таласуға,

Ей, өмірім, зымырап барасың ба?

Жер мен көктің желпініп арасында,

Желігесің, түсесің қара суға.

Құйын
қуған қаңбақтай аласұра,

Ей, өмірім, зымырап барасың ба?

Мен отырмын теңіздің жағасында,

Бересім де жоқ оған, аласым да.

Мені тастап, толқындар, ағасың ба?

Толқынданып, өмірім, барасың ба?

Шаң шығарып ізінен құйындаған,

Барасың
ба, өмірім, қиындаған?

Сыйын  маған,

Тау өзені тентек қой, тасып жатыр

         Тау өзені тентек қой, тасып жатыр,

Ақ көбігін аспанға шашып жатыр.

Арғы жаққа отарын өткізе алмай,

Бала шопан айғайға басып жатыр.

Тарт! деп еді, өзеннен өт деп еді,

Беттемеді көк серке, беттемеді.

Қойлар қайтсін қойшының ыза-кегін,

Тасқа барып соғылды шек дегені.

Қуып шығып серкені қойдан бөліп,

Сырық сааты қамшымен сойды-ау келіп.

Бірін-бірі паналап, ығысады,

Көк серкенің тағдырын қойлар көріп.

Дүбін жазбай дүр етіп үрікті де,

Отар тұрды, қалтырап бірікті де.

Бәріне де түсінем

      Бәріне де
түсінем,

Бәрін білем,

Бірақ білмен
өзімнің әлімді мен.

Пайдам да жоқ ешкімге, зияным да,

Ұялтуға
қақым жоқ, ұялуға.

Жаяулатып жүріп-ақ, дәмем күшті,

Құрық салам құланға қиялымда.

Қалқасында жүріп-ақ қалтарыстың,

Күшім бар деп, күшіндей Алпамыстың,

Келсін шамам келмесін, шаруам жоқ,

Геркулеспен келеді арпалысқым.

Олай көрем өзімді, бұлай көрем,

Өзімді-өзім патша, құдай көрем.

Кесілмеген тұсауы
нәрестедей,

Кездескеннің бәрінен құлай берем.

Страницы