ВЕРНУТЬСЯ

Жылқыбайдың жүрегі

       Есімде әлі,

Қарасаздағы
диірмен.

Су соққан барлық
тастарды ұршық үйірген.

Есімде бәрі...

Жылқыбай қарттың
үйі де,

Өзі де, диірмені
де,

Аппақ тозаңға
киінген.

Сақалы да аппақ,

Мұрты да аппақ,

Бәрі аппақ,

Мектептен шығып,
жіңішкке судан әрі аттап,

Жылқыбай қартқа
кететін еді жетімдер

Өзегі талып,

Аш лақтардай
жалақтап.

Ортан жіліктей,

Темекісін қарт
орайтын,

Орайтын-дағы,
бір-бірлеп бізді санайтын.

Қара шалғы

     Жетелеп сонау жылдар қара шалды,

Қарасазда жүруші
ең, қара шалғы.

Қара шалғы
ішінде қарт пен сенің,

Талай-талай көріп ем тамашаңды.

Қалыпсың ғой қаңырап, қара шалғы.

Түбегінен түк қоймай Қарасудың,

Қарт екеуің қаншама аласұрдың.

Қаншама рет қапырық күн өткеріп,

Түн жамылып, қаншама таң асырдың,

Күркеде, жағасында Қарасудың.

Ойдың, қырдың шалғынды бөктерінде,

Ойын салмай сен де енді кеткенің бе?

Бір жарқ етіп қалушы ең ақ алмастай,

Бір-бір жанып құм
қайрақ өткенінде

Басыма менің, бақ, қондың

      Орынсыз ойнап,
күлгенде,

Опық жеп талай
жүргенде,

Басыма менің,
Бақ, қондың,

Байқаусыз шақта,
бірдемде

Боларын бұлай
білгем бе?!

Іздесем, рас,
іздедім,

Елімнің кезіп
түздерін,

Теңіздерін де жүзгемін.

Жабықтырып та
кететін,

Жаздарым, талай
күздерім.

Көрдің бе соқпақ
даладан?

Сол менің сандал іздерім.

Бағым ба деп те қарағым,

Тырналардың да тізбегін,

Қалдырып содан санадан

Біржола үміт үзгемін.

Сен қартайды дегенге

      Сен қартайды дегенге мен сенбеймін,

Әжімменен кәрілік өлшенбейді.

Әжім деген - әйгілі тамшы-уақыт,

Тамшы-уақыт тасты да жеңсем дейді.

Шаршама, шашым ерте ағарды деп,

(Қайратың қан бойында қалар жүдеп.)

Ақ шаштың ар жағында - аппақ миың,

Әжімнің ар жағында - соғар жүрек.

Іреңің неге сонша мұң атулы?

Жігерің неге сонша уатылды?

Балауса шыбық едің, емен болдың,

Бойыңа жиып алып қуатыңды.

Самалы қуаныштың соқпай қалды,

Жанарың неге айнаға тоқтай қалды?

Ауғанбай

       Қару орнына қамшы алып,

Жол жүрдік біздер қаншалық.

Қанымыз кеуіп, тамсанып,

Бұлақтың
суын аңсадық.

Қауымға қарап, жар салып.

Қоныс іздедік, жан салып,

Ақыры біздер шаршадық.

Қалмағы шауып бір
өтті,

Қалғаны шауып бір
өтті.

Ұйыған сүттей
қайран ел,

Бас ауған жаққа
дүр етті.

Қармадық босқа
түнекті,

Таппадық тұтам
тіректі.

Бермеді тағдыр
тілекті,

Итшілеп жүріп күн
өтті.

Үзіліп қалған
армандай,

Страницы