ВЕРНУТЬСЯ

Фантазия

      Жеті қат жерің
мына төңкерілген,

Жеті қат
аспанменен көмкерілген.

Адамзат оның
бәрін ерте білген,

Ертегіде табысқан
ертеңімен,

Ғаламаттар
туылған ертегіден.

Ғаламаттар
жасалған ертегіден,

Ертегілер қиялын
ерте жүрген.

Ғаламдық ақиқатты
бұл адамзат,

Галилей,
Коперниктен ерте білген.

Ертегіден
жаңарып, қала тұрған,

Ертегіден ғұлама
дана туған.

Бұл күнгі
ғаламаттар, алдыменен,

Адамның қиялында
жаратылған.

Ұқсастық

       Босанған Ана.

Көктемде дала бусанып,

Біріне-бірі болар ма ұқсас мұншалық.

Толғатып дала,

Есен-сау Ана ұл
тауып,

Бара жатады көктемнің көкшіл бұлты ауып,

Тершиді Ана,

Тершиді дала қымтанып.

Тамыры иіп,тәтті бір ұйықтап алғасын,

Ана шайыңа,

Дала нөсерге қанғасын,

Далаға - диқан,

Анаға адал жолдасы,

Тыңайтпақ болып,

Даярлап жатыр қалжасын.

Өскенде сәби Анадан таусап қорегін,

Далада тәй-тәй саусағын жаяр көк егін.

Жерді - Анама,

Анамды жерге теңедім,

Шеше, сен бақыттысың

       Шеше,

Сен бақыттысың!

Жыламағын.

Жай түсіп жатқанда да құламадың.

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,

Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой,

Тірімін ғой,

Қасыңдамын.

Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын!

Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,

Байырғы берекеңді қашырмағын!

Мен сенің қанықпын
ғой көз жасыңа,

Өзім кепіл тот басып тозбасыма.

Екі жыр жазсам саған бірін арнап,

«Шеше» деп жаздым ылғи сөз басына.

(Тәңірім кеше көрсін
кесірімді.)

Дейтін еді қарт ақын

      «Қырғи жолдас бола алмайды кептермен,

Себебі ол кептер етін жеп көрген.

Қой қоралас бола алмайды қасқырмен,

Қасқырдан ол көресіні көп көрген.

Көбелектер бірге ұшпайды кептермен,

Кептерлер де көбелекті жек көрген.

Мьісықтармен ойнамайды
тышқандар,

Ойнаймын деп омақасып текке өлген.

Тіршілікте тамақты кім жек көрген.

Қу тіршілік соныменен шектелген.

Қыбыр  тауып, торғай жұтқан жыланды,

Ебін тауып, құмырсқалар бөктерген» -

Дейтін еді,

Дейтін еді қарт ақын,

Көреміз

      Тірі жүрсек, біз көреміз талайды,

Жаңа жылды, жаңа күнді, жаңа айды.

Ұзағырақ
өмір болса, жарайды,

Түн де келер, таң да атар арайлы.

Біз көреміз керемет бір шақтарды,

Мың куарып, мың
гүлденген бақтарды.

Ақыр түбі ақылдылар үйретер,.

Арамтамақ, азғын, ақымақтарды.

Айла өліп, сезім менен сана шат,

Жауыздық та жатпас, сірә, жара caп,

Адамзатты мәңгі бақи әлдилер,

Ақыр түбі ақыл менен парасат!

Ақиқаттың жаңа жылы туғанда,

Ада болар арамзалар, қулар да.

Страницы