ВЕРНУТЬСЯ

Мен білмеймін,нe болады күні ертең

      Мен білмеймін,нe
болады күні ертең.

He болса да, не болса да күнелтем!

Екеуміздің жүрегіміз білер тек,

Сырласайық,оңашаға
жүр, еркем.

Қалай-қалай құбылады мына күн?!

Қалай-қалай құбылса да шыдадым.

Екеуміздің жүрегіміз үғады,

Сырласайық оңашада, шырағым

Мен несіне,сен
несіне жыладың?!

Айтпай-ақ қой,айтпасаң
да ұғамын.

Бәлен жерде құлағанда
құланың,

Бәлен жерде ұмыт
қалған тұмарың!..

Бәлен жерде...

He түседі дәлелден?

Бәрі де ұмыт,
бәрі де жоқ,

Соқпақ

         Жалғыз аяқ соқпақ жатыр іргесінде үйімнің,

Соған шығу қиыны екен өмірдегі қиынның.

Жалғыз аяқ соқпақ әкеп жолға салды шытырман,

Шимай-шимай сызығындай жүрегім мен миымның.

Бұл соқпақпен әкем менің қан майданға аттанған,

Бұл
соқпақпен әжемді де қабіріне ап барғам.

Бұл
соқпақпен баламды да ұзатып caп
мезгілсіз,

Бөрісінің
жүрген ізін ескерткіш қып ап қалғам.

«Жол деген көп далада да, қия белде, жондарда

Адаспа, ұлым,
аңдап басқын, ұрынбағын орларға»,

Жалаң аяқ қыз

       Төпеп тұрған нөсерге қарамай-ақ,

Бір қыз
кетіп барады жалаң аяқ.

Жалтыраған әдемі топылиын,

Кім біледі, жауыннан барады аяп.

Ойнақтаған далада қара көзім,

Еске түсіп кетті ме бала кезің?

Елең қылмай ешкімді барады өзі,

Жалаң аяқ жүргендей дала кезіп,

Еркін ұстап елігім барады өзін.

(Шыт көйлегі жабысқан кеудесіне.)

Қарамасқа, қоймайды көрмесіңе.

He келді екен сайтанның зердесіне?!

Жалаң аяқ сиқырға қарап тұрып,

Жалаң аяқ жастығым келді есіме!

Қара да тұр, қайтесің, қара да тұр,

Күн шуағым

     Тағы да таң атады, күн шығады,

Түн келеді,

Тіршілік тыншығады.

Ауысып алма-кезек тұрсын әлі,

Ей, менің өмірімнің күн шуағы.

Ей, менің
өмірімнің күн шуағы!

Көлеңкесіз осылай
тұршы кәні.

Кейде менен
кейіген үн шығады,

Кешіре гер,
көңілдің тыншымауын?

Аққуын әлдилеген
айдындарым,

Аулаққа ұшып
кетсем, қайғырмағын.

Алдыңа арманымның
жайдым бәрін,

Аманат өткермеген
ай, жылдарым.

Ауғанын,
ауысқанын күн бесінге,

He деген керемет күн

        He деген керемет күн!

Жаныда бәрі даяр не керектің:

Көрінеді гүлдерің бүр жарғаны,

Естіледі ұшқаны көбелектің.

He деген керемет күн!

Естіледі бал-ара нәр сорғаны,

Бармақтай балапан құс ән салғаны.

Бәрін де кеудесіне қондырып ап,

Дала бір рахатта,

Дел-сал жаны.

Таулардың самал
ессе балағынан,

Гүлдер тұр
үзілердей сабағынан.

Шартарапта шауып жүр нұр мен шуақ

Шашырап күңнің алтын табағынан.

Сусындап көк аспанның шанатынан,

Шарықтап шыңырауда ана-қыран;

Страницы