ВЕРНУТЬСЯ

        He деген керемет күн!

Жаныда бәрі даяр не керектің:

Көрінеді гүлдерің бүр жарғаны,

Естіледі ұшқаны көбелектің.

He деген керемет күн!

Естіледі бал-ара нәр сорғаны,

Бармақтай балапан құс ән салғаны.

Бәрін де кеудесіне қондырып ап,

Дала бір рахатта,

Дел-сал жаны.

Таулардың самал
ессе балағынан,

Гүлдер тұр
үзілердей сабағынан.

Шартарапта шауып жүр нұр мен шуақ

Шашырап күңнің алтын табағынан.

Сусындап көк аспанның шанатынан,

Шарықтап шыңырауда ана-қыран;

Ару-жер өз
дидарын қарап жатыр,

Мөп-мөлдір, тұнық көктің жанарынан.

He деген керемет күн!

Кейпіне елітесің төңіректің.

Қаласа мына жатқан сәби-дүние.

Келеді өміріңді бере кеткің...