ВЕРНУТЬСЯ

       Аякөз,сірә,аядай бұлаң көзі емес,

Аяулы, сірә, қыз болар.

Ақиқат бағып,анықтап жатар кез емес,

Белгісіз, досым,белгісіз түр ғой бізге олар.

Белінде мынау берігіп
жатқан қырлардың,

Бейіттен
бөлек, белгісі жоқ-ты қыздардың,

Кезінде, сірә, қызғалдақ болып гүл жарды,

Түндігін тесіп туыргын жатқан мұз-қардың.

Бүр жарды,

Кетті.

Өмірді мәңгі мансүқ қып,

Соларды іздеп,сорларды талай қаңсыттық.

Қойғаны-ай, шіркін,өмірдің қатал заңының,

Оларды
бізге,оларға бізді таңсық қып.

Аякөз - деген
-аядай бұлақ деседі.

(Жұрттарда қалған
жұмбақты кімдер шешеді?)

Аякөз
болып.ғасырлар алға көшеді,

Аякөз,- Арулар
елі кешегі!