ВЕРНУТЬСЯ

Аякөз - ару

       Аякөз,сірә,аядай бұлаң көзі емес,

Аяулы, сірә, қыз болар.

Ақиқат бағып,анықтап жатар кез емес,

Белгісіз, досым,белгісіз түр ғой бізге олар.

Белінде мынау берігіп
жатқан қырлардың,

Бейіттен
бөлек, белгісі жоқ-ты қыздардың,

Кезінде, сірә, қызғалдақ болып гүл жарды,

Түндігін тесіп туыргын жатқан мұз-қардың.

Бүр жарды,

Кетті.

Өмірді мәңгі мансүқ қып,

Соларды іздеп,сорларды талай қаңсыттық.

Қойғаны-ай, шіркін,өмірдің қатал заңының,

Оларды
бізге,оларға бізді таңсық қып.

Әкеме

       Сонымен құладың ба, тас қамалым,

Қалмады күйініштен басқа амалым.

Зиратың аяқ асты болмасын деп,

Бұзылған
қорғанымнан тас қаладым.

Шынымен құладың ба, шым қорғаным,

Шынымен өртендің бе, нулы орманым.

Әке, сенің өміріңді жалғамасам,

Құрып кетсін жер басып, ұл болғаным!

Тілегім қайда менің көкке өрлеген

      Тілегім қайда менің көкке өрлеген?

Жүрегім қайда менің кек кернеген?

Жүремін неге бұлай бөктерде мен?

Білемін...

Тек терлегем, тек терлегем.

Апырмай, бәрі бітіп қалғаны ма?!

Жеткізбей арманыма, алдағыма.

Аяй гөр, арманым-ау - ардағым-ау!

Үзілген үмітімді жалға мынау.

Жүргізбе мені бүлай бөктерменен,

Алып өт асқарыңа өткелменен.

Тілегім бөктерменен шектелмеген,

Алдымда өмірім бар өткермеген.

Жанымда жалын барда, қиял барда,

Аядай аулаға мен сыя алғам ба?

Бесік басында

         Ұқсайды
бар тыныштық жер бетінде,

Ұйқыдағы
сәбидің келбетіне.

Ояту былай тұрсын, рұқсат жоқ

Ұйықтап
жатқан ұлымды тербетуге.

Ұйықта,
ұлым, ұйықта, бөпем, қасыңдамын,

Керек емес, дүния, асылдарың!

Бақыт, байлық - барлығы менің үшін

Сенің бір кеп мойныма асылғаның.

Аймалайсың жанымды күлкіңменен,

Тамағыңнан айналдым бүлкілдеген.

He дейсің сен бұртиып, айтшы, сәулем,

Қытықтаған жүректі бір тілменен?

...Қандай ғана анадан туады адам,

Сәбилердің ұйқысын куалаған?!

Тірі адамдар өлмесін

        Өлім,
өлім, өлім деп,

Неғыламыз күрсініп.

Өлген адам көмілмек,

Тірі адамға - тіршілік.

Өлім,
өлім, өлім деп,

Өкінеміз несіне.

Өлген адам көмілмек.

Тірі
адамға - несібе.

Тірі
адамдар өлмесін!

Тіршілікке келгесін,

Шамы ертерек сөнбесін.

Шаруасын жөндесін,

Жаманшылық көрмесін,

Тірі адамдар өлмесін!

Жасай
берсін тірі адам,

Жыламасын, шаттансын.

Бір адамнан - мың адам

Мына өмірге аттансын.

Мың түтін боп от жансын.

Страницы