ВЕРНУТЬСЯ

"        «Қой үстіне бозторғайжұмыртқалайтын» заманды армандап, қазаққа жайлы қоныс - Жерұйық іздегенАсанқайғы Сәбитұлы Еділ бойында дүниеге келген. Тарихи аңыздарда әкесі саятшы екендейді.Асанқайғы Сәбитұлы Алтын Орда ханы Ұлұғ Мұхамедтің ықпалды билерінің біріболады. XV ғасырдың 20-жылдарында Ұлұғ Мұхамед Ордадан қуылғанда, ақын өзәміршісімен бірге кетеді. Көп ұзамай Қазанда билік құрған Ұлұғ Мұхамедтің ақылгөйлеріқатарында болған ақын, хан өлген соң, Дәшті-Қыпшаққа қайтып оралады. 1456 жылы Шуалқабында Қазақ Ордасы құрылған кезде, Асанқайғы жаңа мемлекеттің ұраншысына айналады.Сірә, ол қазақтардың бұрынғы Көк Орда жеріндегі үкімі артып, қазіргі Қазақстанныңорталық және солтүстік-батыс алқабын қайтадан иеленген уақыты - 1465 жылы әлітірі болса керек. Аңыздың айтуынша, ақын Сарыарқада - Ұлытауда дуние салыпты."

Асан