ВЕРНУТЬСЯ

    Еділ бол да,
Жайық бол,
Ешкімменен ұрыспа.
Жолдасыңа жау
тисе,
Жаныңды аяп тұрыспа.
Ердің құны болса
да,
Алдыңа келіп
қалған соң,
Қол қусырып
барған соң,
Аса кеш те коя
бер,
Бұрынғыны
куыспа.
Ақың болса
біреуде,
Айыбын тап та
ала бер,
Ерегесіп ұрыспа.
Сенікі жөн болса
да,
Атың шықпас дұрысқа.
Мінезі жаман
адамға
Енді қайтып
жуыспа.
Тәуір керер
кісіңмен
Жалған айтып
суыспа.
Өлетұғын тай
үшін,
Кошетұғын сай
үшін,
Желке терің құрысып,
Әркімменен
ұрыспа.
Ашу - дұспан,
артынан
Түсіп кетсең
қайтесің
Түбі терең қуысқа!..