ВЕРНУТЬСЯ

Белгілі халық ақыны, жыраулық өнердің үлкен өкілі, кезінде «Жалайырдың жел жетпес жүйрігі» атанған Бақтыбай Жолбарысұлы қазіргі Алматы облысының Талдықорған ауданында, «Өтебайдың сазы» деген мекенде дүниеге келген. Онжеті жасынан бастап көпке танылған Бақтыбайдың өлең-жырлары оттайжалынды, өткір сатираға толы, әсерлі болып келеді. Ол қазақтың батырлық жырларының көбісін жатқа білген, оны жұртқа таратумен бірге, өзі де бірнеше жыр шығарған. Соның бірі - «Едіге-Нұран» дастаны. Мұны кейінге жеткізуші белгілі халық ақыны Қалқа Жапсарбаев. Бақтыбай - ірі айтыс ақыны. Әсіресе, оның Тезек төремен, Мәйке қызбен айтыстары қазақтың айтыс өлеңдерінен елеулі орын алады.

Бақтыбай