ВЕРНУТЬСЯ

        Сағаты жеткенде ажал, тоқырап па?

Тұрмады бұл жолы да
тосып артқа.

Бір жұлдыз көк төсінен ағып түсіп,

Бір бұлақ сіңіп кетті топыраққа.

Іргеміз көрген жоқ-ты ажырасып,

Кездеспей кетсек бір күн, қадыр
асып.

Екеуміз бір жыл туған төл едік-ау,

Өмірдің өрісінде жамырасып.

Батып тұр дос-жаранның ойы мұқта,

Кім шыдар бұл қайғының сойылына.

Тым ерте бір гүл өмір түсті
үзіліп,

Тойымсыз қара жердің қойынына.