ВЕРНУТЬСЯ

        Тұнжырап жүруші еді дана жүздер,

(Қасірет көңілдерге салады іздер).

Қайысты қабырғасы қалың елдің,

Соларды көріп өскен бала - біздер.

Батысқа қариялар құлақ түріп,

Сұм соғыс сөндірді сан шырақты үріп.

Бір жесір бір жесірге көңіл айтты,

Қайғыдан өзі егіле жылап тұрып.

Оқудан кеш қалғанын сезіп кей күн,

(Ол кезде «Әліппе» көп кезікпейтін).

Сандықтан әке хатын алып шығып,

Көз ілмей әпкем таңға ежіктейтін.

Бәрі есте: көзден талай жас парлатып,

Өстік қой қиындыққа жастан қатып.

Пір тұтсақ сол кез дәннің бір түйірін,

Жүрміз-ау қазір нанды аспанға атып.