ВЕРНУТЬСЯ

          Саған таныс адыр, қырқа, беттегі,

Жыңғыл, жусан, тобылғылар көктеді.

Рақатта іші-сырты ауылдың,

Қуантсаңшы
сен де, сәулем, кеп мені.

Сағынышым - тек өзіңсің бір ғана,

Ұшып
жетті, қарлығаш та, тырна да,

Саралақаз жұмыртқалап
үлгірді,

Кеше екеуміз асыр салған жылғаға.

Ең алғашқы нөсер де өтті себелеп,

Әлдеқашан гүлге қонды көбелек.

Байлық, бақыт - бәрі де бар ауылда,

Әттең, сәулем, тек сен жоқсың не керек?!