ВЕРНУТЬСЯ

"     1935 жылы 14 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағайауданының Топқайың ауылында туған. ҚазМУ-дің журналистика факультетін, Мәскеудегі Мемкино жанындағы режисерлер менсценаристердің жоғары курсынбітірген. "Лениншіл жас", "Қазақ әдебиеті", "Халықконгресі" газеттерінде, "Мәдениет және тұрмыс", "Парасат"журналдарында бөліммеңгерушісі, Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының үшіншішығармашылық бірлестігініңБас редакторы, ҚазақстанЖазушылар одағында әдеби кеңесші, М. Әуезов атындағы Академиялық драма театрыәдебиет бөлімінің меңгерушісі болған. Прозашы, драматург, кинодраматург,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,Халықаралық Жамбыл атындағы әдеби сыйлықтың, Ғ.Мүсірепов атындағы әдебисыйлықтың лауреаты.{mospagebreak}     "Дос хикаясы", "Менің ағаларым", "Бұқтырма сарыны","Күреңсе", "Қоңыр күз еді" повестер жинағы, "Березоваяроща", "Кедры высокие" жинақтары, "Тұйық", "Қара орман","Ақсу - Жер жаннаты" романдары, "Жарық дүние" пьесаларжинағы жарық көрген. "Ақсу - Жер жаннаты" романы үшін 1992 жылы ҚРМемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.     Оның жиырмаға жуық пьесасы республикалық, облыстық драматеатрларының репертуарларына енді. Солардың басты-бастылары: "Қарашақаздар қайтқанда", "Таңғы жаңғырық", "Есеней - Ұлпан", "Жан қимақ","Сабатажж!", "Қылкөпір", "Мазар","Рево-люция сарбазы", "Ерліктің екі сағаты", "Приказостается в силе", "Двое в степи", "Апатай","Жәке-жәкетай", "Сайқының тұқымдары", т.б.     Бүкілодақтық экранға шыққан бірнеше толық-метраждыфильмдердің ("Ұшы-қиырсызжол", "Саршатамыз", "Охран бастығы", "Қарашақаздар қайтқанда") сценарийін жазған. Шығармалары өзбек, қырғыз, тәжік,татар, башқұрт, шешен, орыс,украин, словак, болгар тілдерінде жарық көрген. Екі томдық таңдамалылары 1997жылы оқырман қолына тиді.    Аударма саласында Л. Н. Толстойдың, А. П. Чеховтың, П. С.Тургеневтің, А. И. Куприннің, И. А. Буниннің шығармаларын қазақ тілінетәржімалады. Нобель сыйлығының лауреаттары болған жеті драматургтің пьесаларынқазақшалаған."

Қалихан