ВЕРНУТЬСЯ

      Қасымда Ел билеген,
Көрікті -Ағам,
Адам жоқ  деп,
Ойлаушы ем, білікті одан .
Қарсы алмады ешкім де құшақ ашып
Құрып кеткір шықпады ит-үріп алдан !
Салымыз суға кетіп -сүмірейдік,
Өкпелеп ашуландық,тікірейдік...
Естідім ел аузынан-ертесіне
Кетіпті,-Ағамыздан-
Бүкіл билік!..
Сыйлайтын қорыққанын -Адамдарды,
Көргенде, салтты ұмытқан 
надандарды,
Жұртына тастамаған-
Жұрнағын да
Ойлаймын, сонау өткен-жаман шалды!