ВЕРНУТЬСЯ

      Кеудемді кернеп арманым,
Қиялым -құрыш қорғаным,
Дем басып,
Қырда отырмын
Жүгірген жолдар жан - жағым.
Айналып ұшқан тырналар,
Ынтығып туған жеріне.
Қиқуға басып толғанар
Айнымай тартқан тегіне.
Тоғысқан тағдыр торабы,
Белгілі қайда барады.
Түйсіктің,
Таудай талабы
Тайғақтап,
Жолын табады.