ВЕРНУТЬСЯ

 
  Көл қылып құйдым талай судай ағын 
Сөйлей көр өлмей тұрып, тіл мен жағым
Дүниенің машақатын шектім талай,
Алмасын тірлікте ердің бағын.
Қызыл тіл сөз сөйлесем безерілген,
Заманы жылдан - жылға шегерілген.
Әр жерде алқа көрсем, тұра алмаймын,
Осындай қызыл тілге шеберімнен.
Өзім де сөз айтуға шебер - ақпын,
Сөйлеуге ернім епті емерілген.
...Мал қолда, жан ұяда тұрған шақта,
Тұрады айтқан сөзің жарасып - ай.
Немене айтып - айтпай, Тәңір деген,
Дүние бастан өтіп барасың - ай.