ВЕРНУТЬСЯ

     - Көрмеймін! - дейсің,

Көрмесең, мейлің, көрмегін!

Көретін көктен тәңірім емес сен менің.

Көрмедің,

мейлің,

көңлінді маған бөлмегін,

Мен-дағы қарап өлмедім,

Түсіңнен, бәлем, шошытар,

Мендегі леп, мендегі үн.

Сезіне тұра,келмейді-ау, сірә, білмегің...

Білмегін, мейлің, білмегін!

Сезеді мені сенсіз де,

мазасыз өткен күндерім,

ұйқысыз өткен түндерім.

Уақыттармен біргемін.

Көрмесең, көрме,

Білмесең білме,

Шырағым менің сөнбейді,

Шыдамын таусып сендейдің,

Мазасыз жаным,маған бір тыным бермейді,

Дариға-жүрек жоқ
нәрселерге шөлдейді.

Көрмесең мейлің,көзіңе сенің ұрынбан.

Ұрынбан,
бірақ бұғынбан!

Есіңде болсын!

Құлагері де Серінің

Сөреге жетпей жығылған...