ВЕРНУТЬСЯ

 
  Кәрілік қонақ екен «жүр!» демейтін, 
Мүшеңді сылып, кеміріп үндемейтін.
Бәрінен бұл шіркіннің сараңдығы -
Тобына қыз - бозбала кір демейтін.
Ағайын тату, бірін - бірі тілдемесе,
Қарттар жақсы, жас ерлігін күндемесе.
Үлкенге ел қыдыру ұяттырақ,
Жас сыйлап, «Қымызға үйге кір!» демесе.