ВЕРНУТЬСЯ

   -        Ауылнай, шақшаңды тасташы! -
деді Қайранбай.Үй ішінде 5-6 адам бар: ауылнайдың хатшысы, жалшылар комитетінің
төрағасы мен бір мүшесі. Үй иесі,Қойбағар, мектеп мұғалімі және 1-2 қыдырма. Шынтақтап
жатқан ауылнай басын көтеріп, қалын қағазды қалтасынан шығарды.
-        Шақшамды Рыскелді алып, көріп
қылып қойғанын көрдің бе? Қағаздан насыбай кеуіп кете береді екен,-деп алақанын
толтырып ауызға қағып қалды. Насыбай көрінген соң, шынтақтап жатқандардың біразы-ақбасын
көтерді. Бүктеуменен жалбаланған ескі газетті әрқайсысы бір бұрышынан тарта
бастады. Талқыға түскен сорлы қағазды шетте отырған мұғалімнің көзі шалды.
Мынауыңыз газет пе?
-          Газет.
Бері әкеліңізші, көріп берейін.
-          Е, насыбайды қайтеміз?
Мынаған салыныз,-деп мұғалім бір жазған қағазды ұстап, газетті босатып
алды.
Әйтсе іс, көптен газет көрмегендіктен мұғалім тесе қарап,оқуға кірісті.Насыбайды
атқан соң жұрттың көбі маужырауды қойып, інріп-бірі іліп-шалып сөзге бастады.Әңгіме
аяғы газетке тірелді.Газетіңнің өзі пәле көрінеді. Молда-ау, өзін ғана біліп қоймай,
ашып оқысаңшы, біз де тік, - деді көлбеп жатқанның бірі.
Немене? - деп есік жақта бүк түсіп жатқан Ысқақ басын ........ алды. - Қарағым,
қайта оқышы!
     Мұғалім қайта оқып шықты.
-Ол қайда болады?  -Нені айтасың?  -Жәрдем беретін комитет? -А, мына жатқан Қайранбай
емес пе?Ал, Қайранбай, Ысқақ соңына түсті,-деді ауылнай. Жұрт  күлді. Ысқақ күлмеді. Бірер күрсініп алып,
мұғалімнен өкшесін бұрай бастады:
-Қарағым, жәрдем беретіні рас па?
-Рас болғанда қандай!
Сол үшін сайлап отыр ғой.
-Ендеше, маған неге бермейді?
-Арыз беріп сұра. Бермей амалы жоқ.Менің қолым жазу білмейді, арызымды аузыммен айтам, -деді.Осы күні бір түйі растығым жоқ. Күзден
бері көрінгенге көз сүзіп келе жатырмын. Кедейді асырайтын болса, маған бір көз салуы керек емес
пе? Бүйте берсем, мен өлмеймін
бе? Қайранбай, жарығым-ау, бірдеңе қылсайшы жаман жездеңе, өлтіресің бе?
-        Әй,
кәпір-ай, енді зарлап мазамды аласың-ау, - деді Қайранбай.
-        Қарағым-ау,
өліп бара жатырмын ғой.
-        Өлмесең бір жөні
болар, - деді.
Әңгіме баяулай бастады...
Жалаңаяқ қара бала су құйып,
дастарқан жайып, қонақтардың алдына үлкен қара табақты әкеліп қойды. Табақ іші
қара қошқыл буы шыққан бөртпемен толған. Бір-екі жапырақ ет ортада көрінер-көрінбес болып жатыр. Ауылнай да,
Қайранбай да көңілдері
толмаған тәрізді, жаратпай қарады.
-        Келіңдер, жігіттер, асатуға жетпес,
беліп жейік, - деді ауылнай.Үй қожасы жай айта бастады:
-        Ауыз
тигендеріңе риза болмасандар, жігіттер, еттің мәні жоқ шығар. Бірер қараның етін тауысып алдық.
Жеңгелерің сендерден аяп отырған жоқ,
қимылдарлық жайы болмады білем.
-        Қарсақтағы
құда келіп қала ма деп сақтаған
етім еді, қайындарым келген соң, амалсыздан асып отырмын,-деді бәйбіше.Аз уақыттың ішінде мырзалардың саусағы
қара табақтың түбін түрте
бастады.
 
* * *
Ас артынан әкімдер жұмысқа кіріспек болды. Ауылнайдың хатшысы жазуға
кірісті.
-        Кәне, бұл ауылда өлмелі кедей
кім?
-        Мен, - деді Ысқақ.
-        Атың бар ма?
-        Жоқ.
-        Сиырың бар ма?
-        Жоқ.
-        Азығың бар ма?
-        Жоқ.
-        Тағы кім бар?
-        Кемелбай, Айранбай,
Өткелбай, Жыпылық, Тасқара. Есеп алынды. Әкімдер жүретін болды.Қарақтарым, мені
қайтесін? - деді Ысқақ.Мынаны зарлатпай бірдеңе қылсаңдаршы, - деп ауылнай күңк
ете калды.Бұған қайдан тауып береміз?Бірер байдан ал да бер.Ең таба алмасаң,
осы үйден әпер.Ойбай, айта көрмендер, Ысқақты асырауым жеткен,-деді үй қожасы
Бекен.
-Тағы асыра. Е, ол ненің ақысы?
-Ол - құлақ болғаныңның ақысы, - деді ауылнай шиқыл-шықыл күліп.
Қой, шырақтарым, елдегі жалғыз құлақ мен емес қой.Басқасынан да алынар.
Жұртпен бірге берермін.Сөзді қойыңыз, отағасы. Мына Ысқаққа 10 пұт бидай
бер, - деді Қайранбай.Әкіреңдеме, шырағым, 10 қарасы бар жалғыз мен емес қой...
Бересің бе, бермейсің бе?Бермегенде
қайтесің?Протокол жасап,
сотқа берем.
Қай протоколыңды,
қолымнан бергенше түрмеңде шіриін. Қайранбай
Бекенді сыртқа шығарып
әкетті.Осы елде саған дос жоқ қой.
Ас үйден қатыны келді:
-        Әлгілердің
«құлақ» деп жатқаны кім еді?
-        Мені
айтады.
-        Сен
құлақ па едің? Қара шешей ашуланғанда:
«қаңғырған телеу» дейтіні қайда? Осы сенің руың күніне бір өзгере ме?Бекен мырс етіп күліп жіберді.
-        Айт-ау,
«құлақ» деген ру емес, «бай»
деген сөзі.
-        Солай
ма еді? «Қаңғырған телеу» деген сөзін
тастай беріп, қара шешей «құлақ» деп мазамызды ала ма деп қорқып едім.