ВЕРНУТЬСЯ

    Тобылдың бойы жердің шұрайы деп мекендеп отырған
елі аңыз қылады. Мұның өтірік, шынын айыру үшін құйылыстан шығып жоғары
өрлеген адам біледі. Өзеннің екі беті оба, тау, шың. Жерінің шөбі түп-түп болып бітіп, таздың
басындай аламыштанып жатқаны. Өзеннің екі жақ басына қара үзім
жерге шейін егін салып пайдалануға болмайды. Өзен бойындағы елдің егіндік, жиырма шақырым жер.Қай кедей барып егін салады?!
Тобылдан 20-30 шақырым жайлауы бар. Алакөл-Балықты жердің біткен қара бұйрасы жатқан құлынды  сол
жайлауда болады. Жайлаудан шөп
шабады.
Жолды тосып отырып,
өткен-кеткенді үйге тасиды да жүреді, - деді.
Үйге бізден бүрын кіріп кетіп
еді. Ашуыныңкүштілігінен бол-са керек - шылапшын, шелек шалдырлап, үйді басына
көтеріп жатты. Үйге кіре бергеніміздетабалдырыктыңалдында кесе-көл-дспең бір ат
жатыр екен. Аттың үстінен аттагі әтуге тура келді. Кішкене ғана жолым үйдің
үштен бірін ат алып жатыр. Маңайы қоқырсыған шөп, аттың тезегі, төгілген су.
Төр алдында қиқиған бір-екі
кебеже, сандық бар. Сиыр терісі тулақты төрге ұзыннан төсеп
тастапты. Қонақ келген үйге кісінің жиналатын әдеті ғой, бала-шаға анталап
жинала бастады. Үй иесі қатын
бізге бажырайып біраз қарап тұрды
да, балаларға қарап бүрлікті.
- Көкала келгірлер, кім шақырды
сендерді... батыр қараларыңды?! - деді.
Үй иесімен бейнелеп таныса
бастадық, Таубай деген кісі
екен. Жасында сауыққой, әнпаз болған сал жігіт екен. Бері келген соң кедейшілік
басып кетіп, мүгедектікке айналыпты. Бұрынғыдай ел кезіп, ән салып, байлардың тәтті тамағын жеуден айрылып
қалыпты. Оның үстіне биыл
мықты кеселге ұшырапты.
Жалғыз аты бар екен. Айт күні жұрттың
кеу-кеулеуімен көкпарға шабамын деп артқы аяғын мертіктіріпті.
-        Жарықтық жылқы-ақ еді. Тай күнінде Әлекең үйінен бір қашар,
он сом беріп алып едім. Қара
күшке бұдан жылқы өтпейді. Оның үстіне аяғының желі де бар еді, - деп, босағада теңкиіп жатқан торы атты мақтап қойды.Торы ат әңгімесі ұзақ. Қалаға барғанда тиеген жүгін,
сайлау болғанда Сәнкібайдың пар атымен жарысып озып кеткенін, тағы-тағыларын
айта келіп, торы атпен соққан түлкісіне тоқтады:
-        Ақша
қардың үлпілдек болып жауған кезі еді. Таң сәріде үйден шықтым. Жел тұрып ысырма
болып кете ме деп те қауіптенем... бұлаң құйрықпен Атаекем обасын айнала
бергенімде, алдымнан біраз
сап ете қалды. Түсе қалып
қарасам, түлкінің ізі екен. Жалма-жан аттың айылын дұрыстап тартып жіберіп,
міне жөнелдім. Орынбай құдығына барған жерде қызараңдап кетіп бара жатқан түлкінің қарасы көзіме шалынды. Әйт деп
жөнелдім. Сол қуғаннан қуып отырып, жиырма шақырымдай жерге барғанда түлкіні
соқтым...
    Таубай түлкі соққанын
лепіріп айтып келсе де, түлкіні кімге бергеніне келгенде бәсеңдеді.
-        Байларда
бет жоқ қой. Қолымды үсітіп, бетімді қарытып, атымды
елесі қылып соққан түлкімді
Әлекеңе апарып сыйға тартқанымда,
ұялмай-қызармай үш-ақ сом берді, - деді.
-        Саған
о да көп, мен берме дегенімде тіл алмадың ғой,-деп ашулы қатыны Таубайды аяқтан бір іліп қалды.Қазбалап сұрап анығын білген
соң, докторға көрсетудің
керектігін айттық. Тыңдап
отырған шалымыздың бірі күрсінді.
-        Әй,
шырағым-ай, докторың қолға
түсе қоя ма?! Қалаға баруға көлік керек, расходтық ақша керек. Оны
қайдан таппақшымыз?! Ол табыла қалғанда
да барған докторыңа ауруыңды
айтып түсіндірудің өзі бір ақірет...
Бірдеме айтсаң, аңырайып ауызың ашылып тұрғаны. Одан да құдай шипасын салса,
жақын жерден қарата берген
тәуір шығар деймін, - деді.
   Шал қаталасты, шалдың қатасын айтып біз
түсіндірдік. Мойындаған сияқты
болды. Бірақ ескі жырын қайта айтты.
-        Баруға
күш жоқ қой, пұл жоқ қой. Үкімет ісіне араласып жүрген балалар көрінесіңдер, ел ішіне доктор шығартсаңдар, қой демес едік. Докторға-ақ қаратар едік, -
деп сөзінің бір ұшын әкеп бізге тіреді.
    Түнерген ымырт қараңғысын
ай сәулесі жеңіп бозарта бастады.
Ауылдың қатындары
бірлі-жарымды сиырларын сауып, жерошаққа сүт пісіруге кірісті. Жалындап жанған
жерошақтың басында екіден, үштен жиылып отырған қатындар, әлденені айтып өздерінше дабырлап отыр. Тамаққа жарымай қарны ашқан балалар әжесінен сүт
сұрап, кейде таяқ жеп жылап та қалады.
Ел тұрмысын, ел күйін ойлай
бастасаң алысқа кетесің.
Төрт-бес қара үй. Осы төрт-бес үйдің басында не әлеметтің бәрі бар. Кедейлік те
осында, ауру-сырқау да осында, надандық, қараңғылық та осында.
Үкіметтің неғып жатқанын,
үкімет басында кімдер отырғанын білмейді, орталықты былай қоялық, гүбірне,
уездерде қандай мекемелер барын, онда кімдер отырғанын білмейді, болыстық,
ауылдық кеңестің жұмыстарынан да шала.
- Түнеугүні ауылнай спесік жазып жүр
еді, биыл да салықты артық
салып қоймаса игі еді, - деп өздері әңгіме қылысады.
    Төрт-бес үйдің ішіндегі ең
тәуірінің екі-үш-ақ қарасы бар.
Егіні бір-екі десятинадан артылмайды. Мұндай үйге салық түсер
ме? Бірақ, өздері түседі
дейді, кім білсін, жебір ауылнай болса спесікте бұлардың малын артық жазып, салықты басып жіберуі де мүмкін ғой.Біз ел жайын сұрап танысып болғаннан
кейін, Таубайдың елен айтуына
көштік. Әнпаздығын, серілігін
Таубай өзі де айтып, оның әнін тыңдау
керек болды. Ұйқысы правительдің қаршыға ұйқы, Ауылда күнде жиын, күнде күлкі... Келді де бір-ақ сұңқар іле түсті, Мен едім тауда жүрген қызыл түлкі...
    Бәйбішенің сөзін сөйлейтін бір жігіт бар екен. Сол мынау өлеңді есіткен соң былай депті:
 Мұхтардың бәйбішесі Қашым еді,
 Жұлдызы өзге әйелдерден басым еді...
 Ақиіс мұнда келіп кеми берді,
 Түнеугі төркінінде тасып еді...
Ақиісті жақтайтын бір жігіт оған
былай деп жауап қайырыпты:
Жылқыға кеше барсам торы тай жоқ,
Қашымда бұрынғыдай тәтті шай жоқ.
 Ақиіс мұнда келіп кемісе де,
 Байқасам сол Қашымда енді бай жоқ.
 Правительдің Ақиіске ауып
кеткендігін бәйбіше сезетін болса керек, бірақ сөзге мерт болмайын деп:
Торысы арқандаулы күйінде тұр,
 Бұл күнде халықтын ісі биінде тұр.
 Қатынды қартайды деп кемітпеңдер,
Қазақтың мұндай қызы үйінде отыр... -деген екен.
Ақиістің жыры таусылмайтын жыр.
Таубай бәрін де айтты. Әр өлеңнің алдында мынаны пәлен айтқан екен деп
түсіндіріп отырады. Қолы әршеленіп кетеді. Арқасын жыбырлатып қозғатып қояды.
Нақ сол минутта Ақиістің жанында отырып, бұлбұлдай сайраған сөзін есіткендей боласың. Күндестікпен зарлағанына
жаның ренжиді...
    Ай көтеріліп сәскелікке
келгенде өлең тоқтады. Таубай демін алып, домбыраны жанына қойды. Жұрт біртіндеп тарай бастады.
Бірен-саран ұйықтап қалған
балаларды жанындағылары жұлмалап оята бастады.