Күркелінің бауыры
күнде дауыл,
күнде дауыл,
Көтеш қалды жұртында
жалғыз ауыл.
жалғыз ауыл.
Ауырып жатқан
көңілімді бір сұрамай,
көңілімді бір сұрамай,
Шын Сексеннің
баласы қара бауыр.
баласы қара бауыр.
Бір жанымның қамы
үшін жүрдім саяқ,
үшін жүрдім саяқ,
Не қыламын бұл
малды жаннан аяп.
малды жаннан аяп.
Ауырып жатқан
күнімде бір қайрылмай,
күнімде бір қайрылмай,
Ет дегенде
қалмапты тайлы-таяқ.
қалмапты тайлы-таяқ.
Арғы атамды сұрасаң
Сексен жұмла,
Сексен жұмла,
Райымбек
Сексеннен туған ұл ма?!
Сексеннен туған ұл ма?!
Райымбекті сен де
еш қоя алмайсың,
еш қоя алмайсың,
Райымбек би
болса, Рай құл ма?!
болса, Рай құл ма?!
- 105 просмотров