ВЕРНУТЬСЯ

Қалам алып хат жаздым Адайларға,Көрмеген көптен бері ағайларға,Адайда білгірсінген талайларға,Айтылған сөз мағынасы ойлағандайБілімді жігіт болса Адайларда.Дүние сиқыршының ойынындай,Алдады бізден бұрын талайларды,Ешкімге ұзақ дәурен жолдас емес,Бір түсіп кететұғын сараймандай.Адайлар алты жұмбақ жіберемін,Бұл сөзге пәхім керек абайларға.Ішінде үш жыл сүрек табыңыз деп,Тапсырдық үлкен кіші болсаң қандай.Бұл сөзге көңіл жетіп, мағына берген,Секілді тірілікте Досымжандай.Ішінде қараңғының біз бір жарықАқ үйдің ортасында жанған шамдай.Адайдың жүйрігімен сынасайық,Сөйлеп қал, сөйлей білсең тіл мен таңдай.Молда болдық жас уақта,Алпысқа келдік бұл шақта.Жақсылардың айтқан сөзіҚалған еді құлақта.Дүние өтеді басыңнан,Қанша көп жыл тұрсақ та.Шамаң келсе, жігіттер,Тәубе етіп жан сақта.Шаттанады көңілімізЖігіттікке жақсы атқа.Бұл сөзімнің мағынасыБілсеңдер айтып сал хатқа.Қиын емес бұл сөзім,Ақылы бар жігіттер,Білгендейін әпсәтта.Алты ауыз сөздің мағынасынБілмедім деген жақсы ат па?Біле алмасаң, Адайлар,Жата берің, бас бақта.Құлақ салсаң, азамат,Жұмбағымды айтып бастайынЖаңа келдім мақсатқа.Мысырдан бір қыз шықты таңғажайып,Көрген ғашық болғандай қанат жайып,Сол қызбен болсақ деп ерлі-зайып.Жүсіп пенен Зылихадан кем екен деп,Ол қыздан еш адамзат таппас айып.Ол қыздың тазалығы кеткен емес,Үстінен еркек шыбын өткен емес,Өзі де бір күн ерсіз жатқан емес.Өзінің қырық баласы бар халифадай,Олардан ешкім де айып тапқан да емес.Біреулер қырық парыз деген екен,Ақылы ол адамның жеткен емес.Бұлардың мағынасы бар лайықты,Сөзімді ойламаңдар деп келемеш.Айтуға ойдағысын кім де еріктіМолдакем білмедің деп өкпелемес.Атым Медет болғалы адам болыпЖеңіліп көңілім жапа шеккен емес.Алаштан Адай түгіл қылман жалтақ.Теңізден терең, желден жүйрік, жерден жалпақ.Бұл сөзім білмегенге тым-ақ шалқақ.Мен азсам жау да азған дегендейін,Бұл күнде Адайларға болғанда шақ.Бір сөзді тағы айтайын, білгенге нақ,Мүмкін сөз асан* болар қонғанға бақ.Көзі жоқ, құлағы жоқ, қолы да жоқ,Бір айуан зат қозғалады көзің салсаң.Пайдалы адамзатқа қарағанда-ақ,Тағы да екі анадан сегіз бала,Білерсің ақылың көп болсаң дана.Алым болсаң ғылымнан алған сабақ,Алып анадан, ат биеден дегендейін,Ананың баласы болған бала-ақ.Бәріне де бақ қонған құдай қалап,Лапсы аз болса да, мағынасы көп,Егесі баршасының жалғыз жан-ақ._______________________________*(آسان) «асан» П. Оңай, жеңіл.Адайларда білімді жігіт болсаң,Бұл сөздерге дерек бер, түгел санап.Және бір жауап айтайынБілген ерге мәні көп.Білмеген ерге сәні жоқ.Төрт құлақты, бір бастыБіреуінің жаны жоқ,Жаны жоқ деп қарасам,Айналасы көпшілік.Аз, көбінің саны жоқ.Бұл сөзге мағына бергендей,Сегіз арыс Адайда,Жігіт қайда Қаныбек?Хат арқылы бұл сөздіҚайтармасаң Адайлар,Ұялмасаң айтармыз,Молдекеңді таны деп.