КIРIСПЕ ЯКИ ҒАШЫҚТАР ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН
I
Бiз екеумiз жолықтық,
Бipaқ тым кеш жолықтық,
Достасудан от тұтап, қоштасуға
қорықтық.
қорықтық.
Маған құйды жарығын сенiң
көңiл-терезең,
көңiл-терезең,
Арқамызда - құзар шың,
Алдымызда - өр өзен.
Өр өзеннен өтуге кiм бередi
қайықты,
қайықты,
Кiм бар бiздi түсiнер, қане, кiм
бар байыпты?
бар байыпты?
Ал қайықшы - қиқар шал,
Жалынғанмен, не бiттi?
Қайығына қабаған итiн байлап
кетiптi...
кетiптi...
Япырай, бiз соншама дәрменсiз боп
тудық па?
тудық па?
Бойымызда жоқ екен иттi алдайтын
қулық та.
қулық та.
II
Көбелектiң "кеселi" -
Тұрақсыздық деседi.
Гүлден алған шапағатты ceзiмi
Келесi бip гүлге жетпей өшедi.
Өз мiнeзi өзiне үкiм кеседi...
. . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . .
. . . . . . .
Менiң саған айтпағым да осы едi!
III
Амал бар ма, махаббатқа жан
пидалық ете алмадың,
пидалық ете алмадың,
Аққу-арман жалт бергенде, қуып
көрдiң, жете алмадың.
көрдiң, жете алмадың.
Жете алмадың, көлеңкеңнен алыс
ұзап кете алмадың,
ұзап кете алмадың,
Жанар майын жағып бiткен
машинадай от алмадың.
машинадай от алмадың.
Epкiң қайда,
Сертiң қайда,
(бөркiң қайда, құрып қалғыр?)
Ең шешушi кез келгенде, тiлiң
тiстеп тұрып қалдың.
тiстеп тұрып қалдың.
Еңселiм деп ойлаушы едiм,
Еркелеушi ем ерге балап,
Ең шешушi кез келгенде тұрып қалдың
жерге қарап.
жерге қарап.
Артық қорлық бар ма әлемде
сенгенiңнен безiнуден,
сенгенiңнен безiнуден,
Құлай сүйген адамыңның осалдығын
сезiнуден...
сезiнуден...
Көз жасымды көрсетпеуге тырыстым
мен саған бipaқ,
мен саған бipaқ,
Сен деп шыққан сенiмiмнiң
биiгiнен барам құлап.
биiгiнен барам құлап.
Махаббатқа жан пидалық етпедiң
бе,
бе,
Бәрi бекер!
Ендi қалған қызығыңның нарқы
кемiп, мәнi кетер.
кемiп, мәнi кетер.
Өзiнiң ең қасиеттi әнiн қорғай
алмаған жан -
алмаған жан -
Басқа icтe де қабiлетсiз... бағы
мәңгi жанбаған жан.
мәңгi жанбаған жан.
Cipә, бағың жана қоймас, басқан
iзiң кеттi кейiн,
iзiң кеттi кейiн,
Әйтсе де, мен жылап тұрып,
жолың болсын деп тiлеймiн.
IV
Бақшадан алма ұрлаған баладай нақ
Кеудемде үркек сезiм салады
ойнақ.
ойнақ.
Отыздың орманында жүргенiмде
Алдымнан шықтың, айнам,
ағатайлап.
ағатайлап.
Сен мендiк бар шаттықтың төресi ме ең,
Жүр едiм өткен шақтың елесiмен.
"Мұнда кел, мұнда кел" деп қол
бұлғадың
бұлғадың
Жиырманың көк балауса белесiнен.
Селк еттiм дауысыңнан шошығандай,
Жүр едiм өз мұңымды өшiре алмай.
Жиырмамда алдап кеткен
махаббаттың
махаббаттың
Kүнәciн әлi күнге кешiре алмай.
Сен болып қайта жанды-ау
сағынышым,
сағынышым,
Бәлкiм, тар маңдайымның
бағымысың?!
бағымысың?!
Бәлкiм, сен менен қашқан махаббаттың
Ойланып қайта соққан шағымысың?!
Сол болсаң, қолыңды бер, жүр,
қарағым,
қарағым,
Сен барған жерге мен де бip
барамын.
барамын.
Көл едiм тасымаған, тасыттың ғой,
Бақша едiм бағы тайған, гүлге
орадың.
орадың.
Кәнеки, жалыныңа жалға менi,
Күтiп тұр пәк махаббат, арман
елi.
елi.
Өмiрде менi алдаған адамдар көп.
Тек қана сен алдаушы болма менi!
V
Ар алдында адал, ақпыз десек те,
Сан сұрақтар алар кейде жағадан.
Мүмкiн, бiздi таңар шулап өсекке,
Мүмкiн, бiздi түсiнбейдi көп
адам.
адам.
Алуан ұғым алуан жаққа тартады,
Сан көңiлдiң тұйығына малтыдым.
Ғашық болып көрмегендер бар тағы,
Олар бiздi қайдан ұқсын, алтыным.
Көзiмдi алмай маздап жанған
оттардан,
оттардан,
Саған сенем, Саған сенiм артамын.
Қорықпаймын түciнiгi жоқтардан,
Жүрегi жоқ адамдардан қорқамын!
- 110 просмотров