ВЕРНУТЬСЯ

Майлықожа - Шымкент облысы, Сарыағаш ауданында 1835 жылытуып, алпыс жасқа келгенде, 1898 жылы Арыс ауданында дүние салған. ӘкесіСұлтанқожадан он төрт жасында жетім қалып, Майлықожа жоқшылық - мұқтаждықты көпкөреді. Бірақ талапты жас өлең өнерін ерте машық ете бастайды.Бай адамның  қызыХанапаны Майлықожа алып қашады да, кейінірек өз еліне тұрақтай алмай Бұхаражаққа өтіп кетеді.{mospagebreak} Бұхарадан қайта оралған соң, ақын өзінің біраз өлеңдеріншығарады. Майлықожа бұл шығармаларында Қоқан хандығына қарсы күрескен ерлердіңерлігін, аштық жылдардағы қазақ шаруашылығының күйзелісін, би - болыстардың елжегіштік мінездерін, махаббат бостандығын, жалпы адам мінездерін түзету,еңбекке, елге, жерге деген шексіз сүйіспеншілік, егіншілік кәсіпті жырлайды.Ақынның бұл шығармаларында терең ойшылдық пен өткір сықақшылдықта айқын көрініпотырады. Алайда, Майлықожаның дүние тану көзқарасында бүгінгі жұртшылыққабылдай алмайтын кертартпашыл жақтары да жоқ емес.Майлықожа  да ертедегіқазақ ақындарының дәстүрін  мықтапұстаған, түр жағынан енгізген тың жаңалықтары жоқ. Солай бола тұрса да,  ол шығыс әдебиетінің үлгілерімен жақсы танысболғандықтан өз шығармаларының өрісін кеңейтуге, оларға жаңа өрнек, бояу беруге  мүмкіншілігі мол екенін аңғарамыз. Соныменбірге Майлықожа кей сәтте жазба әдебиет үлгілеріне, дәлірек айтқанда шығыс ақындарыныңшығармаларына еліктейді, солардан мол әсер алады.    

Майлықожа